22.02.2024, 16:28 68021

Елордалық полицейлер заң бұзушылықты жаңа әдіспен тексеретін болады

Елордалық полицейлер заң бұзушылықты жаңа әдіспен тексеретін болады
Сурет: gov.kz
Астана жолдарында 21 ақпаннан бастап "Ekin Patrol G2" мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған 5 экипаж патрульдейді, бұл қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ekin Patrol G2" кешенінің қарама-қарсы және бір бағытта келе жатқан автокөліктердің жылдамдық режимін бұзушылықтарды тіркеудің бірегей мүмкіндігі бар.


Сондай-ақ 360 градусқа жан-жағын шолып қарайтын панорамалық бақылау кешені арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын тануға болады. Бұл функция осындай автокөліктерді ұстауға жедел әрекет жасауға ықпал етеді.

Кешеннің мобильді әрі көп функционалды болуы есебінен бұзушылықтарды тіркейтін стационарлық камералары жоқ көшелердің учаскелерінде жылдамдық режимін бұзушылықтар тіркелетін болады.

Жалпы енгізіліп жатқан бағдарлама жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны