10.03.2022, 18:45 36136

Еуропада коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Еуропада коронавирустың жаңа штаммы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 10 НАУРЫЗ - Еуропада Коронавирустық инфекцияның жаңа штамы – Дельтакрон анықталды.

РИА Новости нақтылағандай, ДДҰ жетекші эпидемиологы дельтакрон штамының Францияда, Нидерландыда, Данияда анықталғанын растады, бірақ инфекция деңгейі «өте төмен».

«Дельтакрон «Дельта» AY.4 және «Омикрон» ВА.1/BA.2. штамдарының кіші түрлерін біріктіру кезінде пайда болды», деді Мария ван Керкховен.

Ол ДДҰ сарапшылары бұл нұсқаны 7 наурыздағы кездесуде талқылағанын атап өтті.

Кипр университетінің биология ғылымдары факультетінің бір топ ғалымдары Сovid-19 жаңа штамының - Дельта мен Омикрон гибридінің табылғаны туралы қаңтар айының басында хабарлады.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны