19.04.2021, 20:42 10761

Иммунолог барлық алматылықтарды COVID-19-ға қарсы вакцинациясына шақырады

АЛМАТЫ. 19 СӘУІР - Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы екпе жасауға шақырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі" КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Аурудың емін іздегеннен, оның алдын алу маңызды. Бұл әсіресе, аса ауыр инфекцияларға қатысты", - деп есептейді Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова.

 
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіның онлайн-брифингі барысында иммунолог міндетті екпелердің қазақстандық күнтізбесі әлемдегі үздіктерінің бірі екендігін атап өтті. Мұны әлемдік ғалымдар қауымдастығы атап өткен. Біздің еліміздегі барлық міндетті екпелер (мемлекеттік емханада немесе жеке емханада) бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады. Олардың тізімі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
 
Тегін екпелер: 
 
• туберкулезден (БЦЖ), 
 
• гепатитке қарсы, 
 
• полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспеге (АКДС), 
 
• b түріндегі гемофильді инфекция, 
 
• сонымен бірге пневмококк инфекциясынан вакцина, 
 
• қызылша, қызамық және паротитке қарсы.
 

Біздің күнтізбе бүкіл әлемнің озық тәжірибесін қамтиды. Мемлекет вакцинаға көп ақша жұмсауда. Жасалуы керек вакциналардың толық тізімі бар. Олардың ішінде тұмау, желшешек, кене энцефалиті, қызылшаға қарсы екпелер бар. Сондай-ақ, оңтүстік - шығыс Азия елдеріне, Африка және Араб елдеріне баруды жоспарлап отырғандарға, сондай-ақ эпиджағдайға қарай егілетін екпелер бар", - деді Эльмира Битанова.

 
Эльмира Битанова коронавирусқа қарсы вакцина туралы айта келіп, алматылықтарды өз ағзасындағы антиденелер санын қадағаламауға шақырды. Себебі бұл халыққа жалған қорытынды беруі мүмкін. Антиденелері болған кезде адамдар "босаңсып", эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтауды қояды. Кафедра меңгерушісі қалалықтарға иммунограмма, антиденелер нәтижелерін өз бетінше түсіндірудің қажеті жоқ екендігін, ол үшін емдеуші дәрігерге жүгіну керектігін атап өтті.
 
Ғалымдар вакциналаудан кейін иммунитет 2-3 сақталады деген болжам жасап отыр. Вакцина бақылау үстінде. Бұл ретте иммунолог Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы қызметкерлерін мысалға келтірді, олар өздері әзірлеп жатқан вакцинаны осыдан бір жарым жыл бұрын сынақтан өткізіп, өздеріне салдырған. Антиденелер мөлшері оларда осы күнге дейін сақталған. Оның үстіне, бұл жай ғана дәлелденген антиденелер емес, бұлар протективті, вирус бейтараптандырады. Осыған байланысты Алматы иммунологы халыққа жүгініп, вакцинация алуға, сондай-ақ, не ғылымға, не медицинаға еш қатысы жоқ вакцинацияға қарсы адамдарды тыңдамауға шақырды.
 
Бүгінде Алматыда 203 пункт, ал оларда 1 809 медицина қызметкерінен тұратын 406 егу бригадасы жұмыс істейді. Қала бойынша 1 ақпан мен 18.04.21 ж. аралығында барлығы 134 484 адам вакциналанды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны