17.03.2021, 23:11 15817
Қиясов Наурызды қалай атап өту керектігін айтты
Өз денсаулығыңызға ерекше мән беру керек, осыған байланысты біз, әсіресе "қызыл" және "сары" аймақта орналасқан аймақтарда, халықтың үлкен ағымын тарта алатын және коронавирустың таралу қаупін арттыратын бұқаралық шараларды ұйымдастыруды азайтуды ұсынамыз", - деді Қиясов.
Ол сондай-ақ "жасыл" аймақта адамдарға барынша аз рұқсат етілген іс-шараларды ұйымдастыру және негізгі іс-шараларды онлайн-режимде өткізу ұсынылғанын айтты.
Өңірлерге егжей-тегжейлі ұсыныстар бердік. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің өздеріне сол жерде белгілі бір іс-шаралардың көлемін анықтау құқығы берілді. Сонымен қатар, мұндай іс-шараларға қатысу үлкен қауіп-қатерге әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн", - деді Қиясов.
16 наурыздағы 23.59 жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 226 767 жағдайы расталды. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 1 082 жаңа жағдайы тіркелді. Жалпы, елде 226 767 жағдай расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.07.2025, 10:05 9746
Алматыда "Алма-Арасан" радон бұлағына баратын маршрутты кешенді жаңғырту қолға алынды
2025 жылы 12 мамырдан бастап "Алма-Арасан" автотұрағынан радон бұлағына дейінгі маршрутты кешенді жаңғырту басталды. Жоба аясында радон бұлағының инфрақұрылымын жаңарту, беткейлерді нығайту, көпірлерді қайта жөндеу, сонымен қатар жол бойын көріктендіру - жаңа төсеніштер, баспалдақтар мен демалыс орындарын орнату жұмыстары қамтылған. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы хабарлады.
Бұлақ маңында тау жыныстарының құлауынан қорғану жұмыстары жүргізілуде, оған өнеркәсіптік альпинистер тартылған. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақсыз тау жыныстарынан беткейлерді тазарту көзделген, соның ішінде тастарды сынық темірлер мен гидроқұралдарды пайдаланып, қолмен түсіру жұмыстары жүргізіледі.
Беткейлердің қосымша тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін анкерлік жүйелер орнатылады. Беткейлердің бетін болат торлармен және тартпа арқанмен қосымша бекіту жұмыстары жүргізіліп, бұл тау жыныстарының тұрақтылығын арттырып, құлау қаупін азайтады.
Жаңғырту жұмыстары 2025 жылы шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Дегенмен кейбір жұмыстардың мерзімі ауа райының жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін бұл маршрут анағұрлым қауіпсіз, жайлы әрі экологиялық таза болып, әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі туристерге бейімделеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескерулерін сұраймыз. Жұмысң барысы мен уақытша жабылулар туралы ақпарат қосымша жарияланады", - деді хабарлады қаланың туризм басқармасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.06.2025, 14:04 19106
Қазақстанның бірқатар қалаларында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгереді
1 шілдеден бастап Шымкент, Өскемен, Тараз, Орал, Қарағанды, Түркістан қалаларында, сондай-ақ Ұлытау облысында кезекші орталықтардың мекенжайлары өзгереді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұл ретте, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері өтініштерді 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күндері өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 19:40 45286
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алғабас шағынауданы тұрғындарының өтінішін тыңдады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданына жұмыс сапары барысында Алғабас шағынауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қала басшысы кездесуге келген барлық тұрғынның өтінішін тыңдады.
Шағынаудан тұрғындары орталық кәріз жүйесіне қосылу, жарықтың жиі сөнуі, жол жөндеу жұмыстарының аяқталуы және ойын алаңдарының жоқтығы туралы мәселелерді көтерді.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбай баяндағандай, шағынауданда 19,9 шақырым су құбыры және 27,3 шақырым кәріз желілерін тарту аяқталды.
Жобаны жүзеге асыру 584 жеке үйді немесе 4 мыңға жуық адамды орталық желілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кәріз желілерін толық іске қосу үшін басқарма сорғы станциясын салып жатыр. Нысан келесі жылдың басында пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ, тұрғындарды электр жарығымен тұрақты қамтамасыз ету үшін 70 шақырым желі салынып, 31 трансформатор орнатылды.
Қаланың мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бүгінде шағынауданда 31 шақырым жолға асфальт төселгенін және қалған 900 шақырым жолда тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.
Асфальттың жоғарғы қабатын төсеу және жол белгілерді орнату сияқты барлық жұмыс қыркүйекке дейін аяқталуға тиіс. Келесі жылдың басында сорғы станциясының құрылысы аяқталған соң барлық үй орталық кәріз жүйесіне қосылады. Біз қазір құрылыс мерзімін хаттамаға енгіздік, оның орындалуын жіті бақылауыма аламын", - деді Дархан Сатыбалды.
Бұған қоса, қала басшысы Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаевқа шағынауданда санитарлық тазалықты күшейту, балалар алаңдарын салу мүмкіндігін қарастыру және инфрақұрылымдық нысандардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 14:29 47286
Almaty Theatre сахнасында "Балет нені жасырды" қойылымының премьерасы өтті
Almaty Theatre сахнасында "Балет нені жасырды" қойылымының премьерасы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік академиялық би театры бір актілі заманауи "Балет нені жасырды" қойылымын сахналады. Қойылым 57-ші театр маусымын жапты.
Аталған балет сахна сыртындағы жасырын әлемнің сырын ашады.
Көрерменге боямасыз, ирония мен сезімге толы, әртістердің шынайы өмірі туралы баяндайды.
Балет премьерасы балетті сүйіп көретін тұрақты көрермен үшін де, бұл өнермен алғаш танысқан жандар үшін де нағыз жаңалық болды. Бұл - тек музыкамен үндескен шебер қимылдар ғана емес, адам жаны мен тәні арқылы сипатталған шынайы оқиға.
Қойылымда ішкі қайшылықтан тұратын әртіс өмірі, шабыт пен тоқырау, бағалау секілді сезімдер айқын суреттеледі. Бұл спектакль жанрлық шекараны жойды деуге болады. Себебі көрермен бір мезетте комедияны да, драманы да, трагедияны да тамашалады. Би театрының әртістері әр нөмірін кәсіби шеберлікпен орындады. Әр қимылға сезім, әр қозғалысқа жан бітірді. Бұл қойылым әр әртістің шығармашылық шекарасын кеңейтіп, еркіндік сыйлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 14:16 63636
Абай облысында жоғалған баланы іздеп тапқан полицейлер марапатталды
Абай облысында жоғалған баланы іздеп тапқан полицейлер марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының әкімі Берік Уәли жоғалған 7 жастағы баланы тауып, аман-есен ата-анасына табыстаған полиция қызметкерлерін қабылдап, арнайы марапаттады. Аймақ басшысы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиевке кәсіби шеберлігі мен батылдығы үшін Алғыс хат табыстап, олардың әрекеті баршаға үлгі екенін атап өтті.
Бүгін - қос мереке. Тек Мемлекеттік қызметшілер күні ғана емес, сонымен қатар Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. 7 жасар баланы аман-есен табу - үлкен ерлік. Қиын сәтте батылдық танытып, өз қызметтеріңізге деген адалдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Іздеу жұмыстарына қатысқан полиция, ТЖ қызметі, еріктілер мен тұрғындарға әкімдік пен халық атынан алғысымды білдіремін. Бұл - адам өміріне деген нағыз жанашырлықтың үлгісі", - деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 21 маусымда 7 жасар Аманғали Бекболат Семей қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Хабар түскен бойда полиция, төтенше жағдайлар қызметі, Ұлттық ұлан, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, 1000-нан астам адам іздестіру жұмыстарына қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 14:04 63931
Алматы тұрғыны алғашқылардың бірі болып жеке куәлігін онлайн рәсімдеді
Алматыда онлайн құжаттаманың цифрлық қызметін алғашқылардың бірі болып пайдаланған қала тұрғынына жеке басын куәландыратын жаңа құжат салтанатты түрде табыс етілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызмет 2025 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан бойынша пилоттық режимде қолжетімді. Енді әрбір азамат "eGov" электронды үкімет порталы және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жаңа жеке куәлік алу рәсімінен қашықтан өте алады. Келу тек соңғы кезеңде - дайын құжатты алу үшін қажет. Табыстау сенімнің, қауіпсіздіктің және халықпен жұмыс істеудегі заманауи тәсілдің символына айналған Қазақстан полициясының 33 жылдығына арналған республикалық имидждік науқан аясында өтті.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру - бұл азаматтардың қолайлығына жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар ашық және заманауи полицияның элементі. Біз цифрлық Қазақстанды қолдаймыз және халық пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды ашық, жылдам және қолжетімді ететін пилоттық жобаларға белсене қатысамыз", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.
Жақын арада жаңа онлайн сервисті пайдаланушылар санының артуы күтілуде, себебі цифрлық шешімдер уақытты үнемдеуге және құжат айналымын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 18:31 69781
Ел бойынша "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясының екінші онкүндігі өтіп жатыр
Ел бойынша "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясының екінші онкүндігі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 16-25 маусым аралығында "Таза Қазақстан" жалпыұллтық акциясы аясындағы екінші онкүндік өтуде. Бұл кезең абаттандыру, қоқыс орындарын жою, жасыл желектерді суару және күтіп-баптау барысын қоғамдық бақылау секілді мәселелерге арналады.
Игі іске Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жетісу облыстары мен Шымкент және Астана қалаларындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері белсене атсалысты.
Мониторинг барысында саябақтар мен қоқыс алаңдары, тарихи-мәдени ескерткіштер қаралды. Шара аясында ғимараттар маңы тазартылып, ағаштар мен гүлдер отырғызылып, сыртқы ақтау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Түркістан облысында аталған акция аясында "Жасыл толқын" атты бірқатар көгалдандыру және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қоғамдық бақылау нәтижесінде кеңес мүшелері санитарлық тазалықты жақсарту, абаттандыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді. Атап айтқанда, рұқсатсыз қоқыс алаңын жою, бейнебақылау орнату, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, эко-бақылау топтарын құру және заңбұзушыларға шара қолдану ұсынылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері тек ұсыныс білдіріп қана қоймай, аталған жұмыстарға өздері қатысып, қоғамға үлгі боларлық белсенді азаматтық көзқарас танытты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 15:39 69561
Астанада "Ұлы дала қолөнершілер керуен көші" жобасы өтті
Астанада ұлттық құндылықтар мен креативті индустрияны ұштастырған ерекше жоба - "Ұлы дала қолөнершілер керуен көші" өтті, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен "Хас шебер" отандық өнімді дамыту қауымдастығы ұйымдастырды. Оның басты мақсаты - дәстүрлі қазақ қолөнерін заманауи форматта қайта жаңғыртып, этнодизайнды дамыту және шығармашылық индустрияны қолдау.
Іс-шара аясында этно-өнер көрмесі, жәрмеңке, сән көрсетілімі, шеберлік сыныптары мен жастарға арналған дәрістер ұйымдастырылды. Келушілер ұлттық нақышта жасалған эксклюзивті бұйымдарды сатып алып қана қоймай, отандық дизайнерлер ұсынған заманауи этнокиім үлгілерін тамашалады.
Мұндай іс-шаралар халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, отандық өнімге сұранысты қалыптастырады. Біз осындай жобалардың жиі өтуін қалаймыз", - дейді "Хас шебер" қауымдастығының мүшесі, қолөнер шебері Жұлдызай Бабасова.
Жәрмеңкеге 15-ке жуық шебер қатысып, киім-кешек, аяқ киім, сөмке, зергерлік әшекейлер мен тұрмыстық бұйымдарын ұсынды. Жұлдызай Бабасова өз қолымен тоқып жасаған кроссовки, мокасин, шлепки секілді ерекше аяқ киімдерін де көпшілік назарына ұсынды.
Менің аяғымда ортопедиялық ерекшелік болғандықтан, өзім үшін арнайы аяқ киім тоқуды бастағанмын. Қазір бұл - сүйікті ісіме айналды. Сапалы жіптер мен табандарды пайдаланып, ыңғайлы әрі ерекше өнім шығарамын", - дейді іс-шараға қатысушы шебер.
Жобаға қатысқан тағы бір дизайнер - Айгерім Үсина. Ол киізден ұлттық стильде сәндік бұйымдар мен киімдер жасайды. Оның айтуынша, қолөнер - шығармашылық пен рухани байланыстың ерекше түрі.
Менің негізгі бағытым - авторлық қолөнер бұйымдары. Өзім ойлап тапқан, патенттелген "хан бас киімдерін" ұсынамын. Киіз басу ісімен көптен айналыспасам да, түрлі көрмелерге қатысып үлгердім", - дейді дизайнер.
Жоба тек бір реттік шара емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол отандық өнімді тұтыну мәдениетін қалыптастыру, креативті жастар мен шеберлер арасындағы ынтымақтастықты күшейту және ұлттық мұраны қазіргі заман талабына сай жаңғырту міндеттерін көздейді.
Осындай әдемі ұлттық киімдерді күнделікті өмірде де киюге болады. Бұл - сән ғана емес, тамырымызға оралу, ұлттық болмысымызды дәріптеу. Біз Re.women қауымдастығы ретінде бұл бастаманы толық қолдаймыз", - деді Respublica партиясының "Re.women" әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәуле Сағди.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Ұлы дала қолөнершілер керуен көші" еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды қолөнершілерге серпін беріп, отандық шығармашылық индустрияның дамуына жол ашады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.07.2025, 09:39Ақтөбеде кепілге алу және кісі өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды 04.07.2025, 09:32 536Қытайлық инвестор құны 600 млн АҚШ доллары тұратын қайта өңдеу зауыттарын салуды жоспарлап отыр04.07.2025, 10:01 526Камбоджада еңбек құлдығына түсіп қала жаздаған отандасымыз қаупінен құтқарылды04.07.2025, 10:05 361Алаяқтық үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды
27.06.2025, 17:56 107486Үйлер, пәтерлер, қымбат автокөліктер мен ақша: Қазақстанға 1,15 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды27.06.2025, 18:05 107106Минскідегі ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары экономикалық интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады27.06.2025, 11:50 96956Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді27.06.2025, 11:48 96246Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты27.06.2025, 09:32 95666Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін 1 млрд теңге бөлінді
04.06.2025, 14:09 150921Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 136226Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 134896Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты13.06.2025, 15:35 1266762025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды13.06.2025, 15:21 125946Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды