22.01.2020, 17:46 4930

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да митралдық қақпақшаны хирургиялық түзету операциясы жасалды

Осындай шеберлік кластарды өткізу кардиохирургиядағы оперативтік араласаулардың техникасын меңгеруге, мамандардың кәсіби дағдысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - КІА ҒЗИ-да Қазақстанда алғаш рет неміс әріптестерімен бірге криоблацияны қолданып, митралдық қақпақшаны хирургиялық түзету операциясы жасалды.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұйымдастырған шеберлік класс шеңберінде Қазақстанда алғаш рет Германиядан келген жетекші кардиохирург (Гамбург қ.), профессор Thorsten Hanke қатысуымен криоблация (экстремалдық суықтың әсеріне негізделген жүрек аритмиясын емдеу) жасай отырып, митралдық қақпақшаны хирургиялық түзету операциясы жасалды.

Алматы қаласына "Қақпақшалы және қақпақшалы емес жүрекше фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері" тақырыбындағы шеберлік класқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен кардиолог дәрігерлер, интервенциялық кардиологтар мен аритмологтар, кардиохирургтар, терапевт дәрігерлер және жалпы практика дәрігерлері келді.

Қатысушылар профессор Thorsten Hankeнің терапияны тиімді таңдау және электрофизиология туралы дәрісін тыңдады. Ол жүрекше фибрилляциясының қаншалықты қауіпсіз екенін айтып өтті. Оның айтуынша, жүрекше фибрилляциясын сәтті емдеу пациенттердің өмір сүру сапасын, ұзақтығын және деңгейін жақсартуға, инсульт қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар доктор Thorsten Hanke мамандарды оқытудың қажеттілігі мен маңыздылығын және хирургтың алғашқы бес операциясы міндетті түрде тәжірибелі маманның жетекшілігімен жасалуы керектігін атап өтті.

Институттың кардиология кафедрасының профессоры Күлзида Қошымбаева жүрекше фибрилляциясына абляция жасалғаннан кейін пациенттерді операцияға дейін және операциядан кейін емдеп-қарау туралы, ал жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Роин Реквава - жүрекше фибрилляциясының катетер арқылы емдеу туралы айтып берді.

Шеберлік класс барысында нақты клиникалық жағдайлар қарастырылды және қатысушылар Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлімше меңгерушілері Рүстем Төлеутаев және Роин Рекваваның профессор Thorsten Hankeмен бірлесіп жасаған операцияларды көруге мүмкіндік алды.

Келесі күні, яғни 24 қаңтарда операция алды және операциядан кейінгі ұсынымдар берілетін болады, сонымен қатар операция жасалып клиникалық жағдайлар қарастырылатын болады. Жасанды қанайналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестеріне жүрекше фибрилляциясын торакоскопиялық емдеудің тәсілдерімен таныстыратын болады.

Осындай шеберлік кластарды өткізу кардиохирургиядағы оперативтік араласаулардың техникасын меңгеруге, мамандардың кәсіби дағдысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Профессор Thorsten Hanke әлемдік практикада белгілі кардиохирург, Торакальдық және жүрек-тамыр хирургиясы жөніндегі неміс қоғамының, Еуропалық кардиоторакальдық хирургия қауымдастығының, Неміс кардиологиялық қоғамының Аритмия жұмыс тобының, сондай-ақ Неміс кардиологтар қоғамының мүшесі болып табылады. Ол медицина саласында жасаған еңбегі мен ғылыми жаңалықтары үшін көптеген сыйлықтар мен гранттардың иегері.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны