11.06.2020, 23:01 7610

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургтары жүрекше миксомасын алып тастау операциясын сәтті өткізді

1992 жылы туған пациент кардиологтың есебінде тұрмаған, ауыратындығы туралы да білмеген. Өзінің диагнозы жөнінде алғаш рет 2020 жылғы мамырда жүктілік кезінде эхокардиография жасалып, сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға ауысқан алып миксома анықталғанда ғана білген.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - КІА ҒЗИ кесарь тілігінен кейін тромбоэмболия қаупі бар пациентке сол жақ жүрекше миксомасын алып тастау операциясы сәтті өткізілді.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургтары өмірлік көрсеткіштері бойынша жүрекішілік үлкен ісігі бар пациентке кесарь тілігінен кейінгі 15-ші тәулікте жүректің қатерсіз ісігі - сол жақ жүрекше миксомасын алып тастау операциясын сәтті өткізді.

1992 жылы туған пациент кардиологтың есебінде тұрмаған, ауыратындығы туралы да білмеген. Өзінің диагнозы жөнінде алғаш рет 2020 жылғы мамырда жүктілік кезінде эхокардиография жасалып, сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға ауысқан алып миксома анықталғанда ғана білген.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жасанды қанайналым зертханасы және операция блогы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Рустем Төлеутаев консультация беру барысында өмірлік көрсеткіштері бойынша кесарь тілігін жасау арқылы мерзімінен бұрын жедел босандырып, әрі қарай оперативтік емдеу ұсынылды. Босанғаннан кейін пациент КІА ҒЗИ оперативтік емделуге жіберілді.

КІА ҒЗИ Басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова, құрамына клиниканың жетекші мамандары кіретін "HEART Team" командасы өмірлік көрсеткіштері бойынша сол жақ жүрекше миксомасын алып тастау мақсатында оперативтік емдеуді жасауды ұсынды.

Митралдық қақпақша мен өкпе тамырларының алып миксомамен, эмбологендік асқынулармен бітелу қаупінен басқа, тромбоэмболия және кесарь тілігінен кейінгі қан кету қаупі болды. Алып көлемдегі (6,5х6,0 см) миксоманың әдеттен тыс орналасуы операцияның барысын күрделендіріп жіберді, алайда кардиохирургиялық операция жасау бригадасының шеберлігі мен тәжірибесі арқасында операция сәтті аяқталды.

Бүгінгі таңда пациенттің жай-күйі тұрақты, оны стационардан шығару жоспарланып отыр.

Жүректің барлық алғашқы (жүрек тіндерінен туындайтын) ісіктерінің жартысы миксомаларға жатады. Барлық миксомалардың төрттен үш бөлігі өкпеден оттегімен қаныққан қанды қабылдайтын жүрек камерасында, сол жақ жүрекшеде өршиді. Миксомалар негізінен 40 жастан 60 жасқа дейінгі әйелдерде дамиды. Миксоманың кейбір сирек кездесетін түрлері отбасылық сипатта болады.

Бұл ауру пациенттің өміріне қауіп төндіреді, себебі миксоманың кішкене кесегі немесе оның бетінде жиналатын ұйынды қан бөлініп кетіп (эмболия болып), қан вғымымен басқа ағзаларға жүріп, сол жерде орналасқан артерияларды бітеуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны