04.11.2025, 11:32 222616

Маңғыстауда итбалықтардың өлексесінің саны жүзден асты  

Маңғыстауда итбалықтардың өлексесінің саны жүзден асты
Аймақта итбалықтардың жаппай қырылуы қайта басталды. Кеше 3 қарашада Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Түпқараған ауданындағы жағалаудан 112 Каспий итбалығынның өлексесін тапты.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары ағымдағы жылдың 3 қараша күні Түпқараған ауданы Баутино теңіз жағалауында итбалық өлекселерінің табылуына байланысты тұрғындар тарапынан келіп түскен хабарлама негізінде Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутино елді мекендерінің теңіз жағалауынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, МО балық шаруашылығы басқармасының "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет" КММ және МО бойынша балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі Түпқараған ауданының жағалау сызығын мониторингтеу барысында 112 бас Каспий итбалығының өлекселері анықталды.

Оның ішінде:

  • Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейін - 39 бас,
  • Форт-Шевченко қаласының жағажайынан Баутино мүйісіне дейін - 73 бас.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны