04.04.2025, 17:49 102686

Мопедтерді тіркеу міндетті: полицейлер жүргізушілерге жаңа ережелер туралы ескертуде

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін еліміздің жолдарында полицейлер азаматтарға жаңа талаптар мен ережелерді белсенді түрде түсіндіруде, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшылары мопед иелеріне арнайы ХҚКО-ға барып, көлік құралдарын тіркеу және тиісті құжаттарды алу қажеттігін еске салуда.

Бүгінде республика бойынша 23 мыңнан астам мопед тіркелген. Заңға сәйкес оларды тек А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана басқаруға болады.

Бұл талап жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және екі доңғалақты көліктердің қатысуымен болатын апаттардың санын азайтуға көмектеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны