15.09.2022, 15:30 29441
Нұр-Сұлтан мәслихаты елорданы Астана деп қайта атауды қолдады
Достарға айту
Бүгін мәслихат әлеуметтік желілерде және қоғамда талқыланып жатқан депутаттар ұсынысын қарау бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Онда Қоғамдық кеңес мүшелері елордаға бұрынғы атауын қайтаруды қолдаған болатын. Артынша аталған ұсыныс мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралды.
Әлемдік тәжірибеде ел астаналарының бұрынғы атауларын қайтарған жағдайлар бар. Қазір біз Жаңа Қазақстанға аяқ басып жатқанда, елорданың жаңа атауы – бұл символикалық мәнге ие болады. Жергілікті тұрғын ретінде мен бас қаламызға Астана атауын қайтаруды қолдаймын. Оны тек Қазақстанда ғана емес, барша әлем біледі. Бұл – танымал бренд", - деді маслихат депутаты Асқар Смағұлов.
Бас шаһарға бұрынғы атауын қайтару мәселесі талқыланған мәслихаттың кезектен тыс сессиясына 31 депутаттың 25-і қатысты. Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынысты қолдап, шешім қабылдады. Енді құжат Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.
Бұған дейін мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов бұл процесс бірнеше кезеңнен өтетінін айтқан болатын.
Сонымен қатар, мәслихат хатшысы елорда атауын өзгертуге қатысты шығындарға түсінік берген болатын. Оның айтуынша, цифрлық құжат айналымына көшіп жатқанымызды ескерсек, онда шығындар аз болады.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.01.2025, 14:38 13871
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 1-2 ақпанда өтеді
Достарға айту
Астанада 1-2 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен - Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2025, 17:23 22801
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Достарға айту
Елімізде биыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай, Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде түрлі саладағы 90 ұйымнан 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды.
Қоғамдағы жұмыссыздықты жою мақсатында бүгін осындай жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Дәл қазір мұнда өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету компаниялары және білім беру мекемелері өз ұсыныстарын таныстырып жатыр.
Сонымен қатар Joltap бағдарламасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының және қаржы ұйымдарының өкілдері жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берді. Жәрмеңке алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады", - деді Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2025, 17:14 23016
Метро станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаулар орнату жұмыстары басталды
Достарға айту
Метро станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаулар орнату жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматы метрополитенінің Instagram парақшасында айтылған.
Жұмыс регламентіне сәйкес, алдымен берік металдан жасалған тіректер орнатылады, кейіннен оларға мықты шыныдан жасалған бөлгіштер бекітіледі.
Жұмыстарды толық аяқтау алдағы апта ішінде жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2025, 12:37 25051
Елордада көктемгі су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатыр
Достарға айту
Астанада су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қызу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. .
Қазіргі таңда Байқоңыр ауданында су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қолға алынды.
Су тасқынына қарсы шаралар аясында аудан әкімдігінің және Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен тұрғын алаптарда күшейтілген жұмыстар жалғасуда.
Оның ішінде арық-науа желілерін тазалау, қарды уақытылы шығару, сондай-ақ, жеке сектор тұрғындарына хабарламалар тарату жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша су тасқынының алдын алу шараларына 60-тан аса арнайы техника мен 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Қыс мезгілі басталған сәттен бастап бүгінге дейін аудан аумағынан қар полинонына 7 мың текше метрден аса қар шығарылды.
Жеке сектор тұрғындары су басу қаупінің алдын алу мақсатында өз аулаларының қарын жолдың бойына (жеке сектор аумағынан қалалық аумаққа) шығарып қоюы қажет.
Жиналған қар үйінділері арнайы техникалардың көмегімен қала сыртына шығарылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 17:02 31031
Алматыда көппәтерлі үйлер мен ғимараттардың жедел сатылары жаңартылуда
Достарға айту
2011-2024 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2266 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) қамтылды, оның ішінде 1188 үй шатырды, қасбеттерді, кіреберістерді қалпына келтіруді, сондай-ақ инженерлік желілер мен электрмен жабдықтауды жаңартуды қоса алғанда, күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, 1078 үйде 2257 лифт ауыстырылды, бұл тұрғындар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті едәуір арттырды. Бұл өзгерістер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға ықпал етіп, оларды жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етті.
Өткен жылы бағдарлама аясында 118 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 54 үйде 100 бірлік лифт жабдығы ауыстырылды.
Бағдарлама ескі тұрғын үйлердің қызмет ету мерзімін ұзартуға ғана емес, сонымен қатар энергия тиімділігін арттыруға және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.
ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында үйлердің тұрғындары жөндеу жұмыстарының барлық түрлері қарастырылған өтінім бере алады. Ол үшін сайлаушылардың 51% дауысын жинап, өтініш беру керек. Жөндеу құны коммуналдық төлемдерге кіреді және қайтарымды негізде мемлекет өтейді.
Райымбек, 245 мекенжайы бойынша жаңарту бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған сылақты сұйық мәрмәрмен ауыстыру, қабырғаларды бояу, едендерді жаңарту және ескі плиткаларды ауыстыру кірді.
Жөндеу өте заманауи және сапалы болды, біз жұмыс бағдарламасына ризамыз", - деп атап өтті "245 үйдің" ОСК басқарма төрағасы Әсем Қасенова әрі командаға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 16:41 73676
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында италиялық профессордың шеберлік сабағы өтті
Достарға айту
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында италиялық профессордың шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 24 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Милан музыкалық консерваториясының академиялық вокал кафедрасының профессоры, баритон Деметрио Колачи (Италия) "Бельканто техникасы және опера партияларын интерпретациялау" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Маэстро Деметрио Колачи - әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсеткен, оқытушылық қызметпен айналысқан танымал орындаушы және педагог. Оның шеберлік сабақтары әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыкалық оқу орындарының студенттері арасында зор сұранысқа ие, өйткені профессор тек техникалық дағдыларды ғана емес, музыкалық интерпретацияны терең түсінуді де үйретеді.
Алматыда өткен шеберлік сабағы академиялық вокалдың қыр-сырын және әйгілі опералардағы басты партияларды орындаудың ерекшеліктерін талқылауға арналды. Аталмыш іс-шара консерваторияның вокалдық өнер кафедрасының студенттері мен магистранттарына және оқытушыларына вокалдық техника мен орындаушылық шеберліктерін шыңдауға арналған. Қатысушылар дауыспен жұмыс істеу, тыныс алуды дұрыс қою және ән айту техникасының ерекшеліктерін әлемдік деңгейдегі маманмен бірге жұмыс жасау арқылы машықтанды.
Кездесу маэстроның Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен табысты ынтымақтастығының жалғасы болып табылады. Бұл 2024 жылдың мамыр айында вокалдық өнер кафедрасының студенттерімен өткізілген екі күндік интенсивті сабақтардан басталған болатын. Деметрио Колачидің сабақтарына қатысқан студенттер мен оқытушылар оның кәсібилігі мен педагогикалық әдістеріне таңданушылықпен жоғары баға берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 16:03 74061
Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
Достарға айту
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 18:59 87531
Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді
Достарға айту
Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан.
Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Картоп жетіспеушілігі жоқ. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған, ал оның қорлары уақытылы толықтырылуда.
Өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау мақсатында "Small" және "Spar" желілерінің сауда нүктелерінде картопты бір адамға 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.01.2025, 10:53Қазақстан Орталық Азия елдерімен келісімдер нәтижесінде көктемде 11 млрд текше метр су алады 30.01.2025, 15:46 12676Былтыр жүргізушілер айыппұл бойынша рекорд орнатты30.01.2025, 17:52 12341Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды30.01.2025, 18:56 12126Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады30.01.2025, 16:24 11666Астанада Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
24.01.2025, 16:38 131576Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 128846Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128526Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті24.01.2025, 15:14 117576Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді24.01.2025, 15:11 1081011 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады
24.01.2025, 16:38 131576Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 128846Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128526Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 125811Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1213762024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді