01.09.2022, 17:21 28356
Нұр-Сұлтанда LRT бюджет қаражаты есебінен аяқталады
Сурет: Wikimedia.ru
20 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш бөлінген болатын. Бұдан бөлек, бізге тағы 577 миллион доллар керек. Құрылысты сол бұрынғы мердігер – қытай консорциумы аяқтайды. Біз алысқа кетіп қалдық, кері қайта алмаймыз. Сол себепті құрылысты аяқтаймыз", - деді Көлгінов мәжіліс кулуарында.
Осы орайда журналистер LRT-ға жыл сайын қанша қаражат қажет болатынын сұрады. Қала басшысының айтуынша, біраз ақша керек.
Алдын ала есепке сәйкес, жыл сайын қызмет көрсетуге 4 миллиард теңге керек болады. Жол жүру ақысына да субсидия бөлінеді. Ал бағасы автобус ақысынан сәл жоғары. Бұл тиімді жоба емес, дегенмен жол трафигін төмендетуге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті әкім.
Ал мердігер компания қаржы тұрақты түрде түсіп тұрса, LRT құрылысы екі жылда аяқталатынын айтты.
Бұған дейін LRT ісі сотқа жіберілетіні туралы хабарланған болатын.
Ақпарат көзі: sputnik.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2025, 17:35 12986
Петропавлда Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы басталды
Петропавлда Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center креативті орталығында Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы басталды.
Оқыту бағдарламасына Қазақстанның барлық өңірінен келген креативті индустрия өкілдері қатысып жатыр. Оның ішінде тәжірибелі мамандар мен жас креаторлар да бар.
Бағдарламаның мақсаты - креаторларға шығармашылығынан табыс табуды үйретіп, инвестиция тарту үшін білім мен қажетті құрал ұсыну. Сонымен қатар, қатысушылар креативті қызмет бойынша құқықтық біліктілігін арттырады. Атап айтсақ, зияткерлік меншік құқығын қорғау, авторлық құқық және салық мәселелерімен танысады.
Акселерация аясында отандық және шетелдік киноөндіріс мамандарының шеберлік сабақтары өтеді. Сонымен қатар, Қазақстандағы креативті хабтардың резиденттеріне арналған онлайн трансляция жүргізіледі.
Іс-шара аясында "Кинодағы Абай бейнесі", "Қазақстандағы сериалға продюсерлік ету", "Анимациядағы коммерция мен шығармашылық", "Режиссер шығармашылығындағы өрлеу мен құлдырау", "Креаторларға арналған маркетинг" және т.б. тақырыптар бойынша шеберлік сабақтары өтіп жатыр.
Бұл - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Yandex Qazaqstan бірлесіп ұйымдастырған алғашқы акселерациялық бағдарлама. Алдағы уақытта оқыту тағы бес өңірде жалғасатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 18:01 21001
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Ақмола облысының Зеренді ауданында ауыл тұрғындары алкогольден бас тартуды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ең жарқын мысал - Қанай би ауылдық округі. Оның аумағына кіретін екі елдімекен алкогольдік ішімдіктерді сатудан бас тартты, ал мұндай байсалды өмір салтының басты нәтижесі - азаматтардың әл-ауқаты және жедел жағдайдың тыныштығы.
Ауылдық округ әкімі Медет Ақмағамбетовтің айтуынша, екі ауылда тұрғындар алгокольден өз еркімен бас тартқан және үш жылдан бері мұнда бірде-бір қылмыс, отбасылық-тұрмыстық жанжал немесе тіпті ұсақ бұзақылық тіркелген жоқ. Айта кетейік, округте "Зиялы қауым" бағдарламасын енгізу туралы бастама полицейлерден келіп түсті және оны жергілікті атқарушы органдар, жұртшылық және азаматтардың өздері белсенді қолдады.
Ақмолалықтар өзекті мәселелерді бірлесіп шешеді, профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, жастармен жұмыс істейді.
Зеренді ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Садырбаев бүгінгі күні курорттық өңірде 11 ауыл алкогольді сатудан толық бас тартқанын, бірақ басқа елді мекендердің тұрғындары да акцияға қосылуға ниет білдіріп отырғанын, сондықтан полицей болашақта мұндай ауылдардың саны едәуір көп болатынына сенімді екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 18:03 65096
Астанада демалыс күнгі жәрмеңке өтеді
Астанада 14-15 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар мен тосаптарды және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 14 және 15 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада тағы бір ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істеп тұр. Ол Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) орналасқан. Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін келушілер үшін ашық.
Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке маңынан №2, 32, 49, 50 және 73 автобустары қатынайды, бұл іс-шара өтетін орынға қолайлы жетуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 14:09 111341
Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды
Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусым, жұма күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметінен.
Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру - 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2025, 17:03 127881
Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі
Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында "Алма-Арасан" автотұрағынан бастап термалды бұлаққа дейінгі туристік маршрут уақытша жабылады. Бұл шектеуге "Қыздың көз жасы" сарқырамасы мен "Терра" алаңқайы да кіреді.
Шектеу қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға арттыруға бағытталған маршрутты қайта жаңғыртудың екінші кезеңімен байланысты.
Жоба аясында көпірлерді бұзу, жаңалау, соқпақтарды жаңарту, баспалдақтар мен көріктендіру нысандарын орнату жоспарланған. Бұған дейін, 12 мамырдан бастап дайындық жұмыстары жүргізілген: беткейлер тазартылып, қорғаныс құрылымдары орнатылып, маршрут күшейтілген.
Маршрут жұмыс, демалыс және мереке күндері де толықтай жабық болады. Жұмысты 31 шілдеге дейін (ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін) аяқтау жоспарланып отыр.
Жоба заманауи, қауіпсіз әрі экологиялық таза туристік маршрутты қалыптастыруға бағытталған.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде бұл шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 16:58 164306
ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды
Жазғы демалыстың басталуымен бірге балаларымен теміржол арқылы сапар шегетін жолаушылардың саны артуда. Осыған байланысты Ұлттық тасымалдаушы балаларды пойызбен тасымалдау тәртібіне ерекше назар аударуға шақырады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады. Егер балаға бөлек орын қажет болса, онда міндетті түрде балалар билеті рәсімделуі тиіс. Егер отбасыда 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болса, әрбір ересек жолаушы тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады, ал басқа балалар үшін міндетті түрде балалар билеті сатып алынады.
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пойызда арнайы балалар билетімен ғана сапарлай алады. Мұндай билет ересектерге арналған жолақының 50%-ын құрайды.
15 жастан асқан балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді. Олар пойызда өздігінен сапарлай алады, алайда бұл жағдайда олардың қолында ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды расталған жазбаша рұқсаты болуы қажет.
Мемлекетаралық бағыттарда балаларды тасымалдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады: егер орын берілмесе, 5 жасқа дейінгі балалар тегін сапарлай алады; 5 пен 10 жас аралығындағы балалар үшін арнайы балалар тарифі қолданылады; ал 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар Қазақстан аумағында жолақының 50%-ын төлесе, шетел аумағында толық тарифпен жүреді.
Егер бала ата-анасымен бірге сапар шегетін болса, билет сатып алу және пойызға отыру кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты көрсетілу қажет. Егер баланы заңды өкілі емес адам ертіп жүрсе, онда екі ата-ананың нотариалды куәландырылған рұқсаты талап етіледі.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға және балалардың үнемі ересектердің қарауында болуын қатаң түрде қадағалауды шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2025, 12:03 172736
Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды
Алматыда мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі басталып, мопед жүргізушілері арасындағы жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Аталған шараның негізгі мақсаты - жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Биылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Жаңашылдыққа сәйкес, мопед жүргізушілерінен "А" санатындағы жүргізуші куәлігі, көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу, сақтандыру полисі мен мемлекеттік нөмір болуы талап етіледі. Осы талаптар енгізілгелі бері қалада 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 1,5 мыңға жуық мопед арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Бұл көліктердің ішінде жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірсіз басқарылған, қауіпсіздік талаптарын елемегендер де бар.
Біз "Қауіпсіз жол" іс-шарасының екінші кезеңі аясында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудеміз. Негізгі назар - мопед жүргізушілеріне бағытталған, себебі бұл санаттағы азаматтар қарапайым қауіпсіздік ережелерін жиі елемейді. Бұзушылықтар патрульдік қызмет, стационарлық бекеттер және бейнебақылау жүйелері арқылы тіркеледі. Біздің ұстанымымыз - заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік. "Заң мен Тәртіп" - жай ұран емес, әрбір азамат орындауға міндетті қағида", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 14:01 245911
Алматыда 9 мамырда 500-ден астам дронның қатысуымен шоу өтеді
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай дрондар шоуы өтеді, деп хабарлайды Almaty_Joly.
9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматыдағы Абай алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше дрондар шоуы өтеді. Іс-шара барысында аспанда 500-ден астам дрон қатысатын жарық шоу ұсынылады.
Көрсетілім барысында соғыс жылдарында Қазақстанның хас батырлары - Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлы бейнесі жарық анимация арқылы жанданбақ. Олардың ерлігін сипаттайтын көріністер символикалық түрде бейнеленеді.
Көрермендерге арналған арнайы алаңдар Абай алаңында, "Қазақстан" қонақ үйінің жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында (Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейін) дайындалады.
Іс-шараға байланысты 18:00-ден 21:30-ға дейін Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейінгі аралығы мен Достық көшесінің Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.
Қала тұрғындарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.06.2025, 15:352025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды 13.06.2025, 15:21 125606Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды13.06.2025, 15:16 116476Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі13.06.2025, 15:13 111751Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады13.06.2025, 15:01 110931Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
21.05.2025, 12:03 172436Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды23.05.2025, 16:58 164006ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды05.06.2025, 17:53 132746Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 132736Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты03.06.2025, 14:47 132486Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды