31.10.2022, 14:08 9956

Орташа жалақысы бар қазақстандықтар үшін баспана қолжетімсіз болып барады

Астана. 31 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Табысы орташа қазақстандық 1 шаршы метр де баспана ала алмайды, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП ресми парақшасы.
 
 "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары еліміздегі тұрғын үй нарығына талдау жасады. Олардың айтуынша, қарапайым жалақысы бар қазақстандықтар жаңа ғимараттан небәрі 0,76 шаршы метрді немесе қайталама нарықта 0,68 шаршы метрді ғана сатып ала алады. Орташа жалақы - 322,9 мың теңге.
 
Сондай-ақ халық арасында ипотекаға да сұраныс артып келеді. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, жыл басынан бері ипотекалық несиелендіру 1 трлн теңгеге (28,6%) өскен. Жалпы көлемі 4,2 трлн теңгені құрады.
 

2022 жылдың 9 айында ипотекалық несиелендірудің айтарлықтай артуы тұрғын жылжымайтын мүлік құнының, оның ішінде бастапқы тұрғын үй 10,5%-ға, қайталама тұрғын үй 16,1%-ға және жалға берілетін тұрғын үй құнының 35,8%-ға өсуіне байланысты болды", - дейді сарапшылар.

 
Мамандар жалға беру нарығы республика тұрғындары үшін де қолжетімсіз болып қалғанын айтады.
 

Сонымен, егер жыл басында қазақстандықтардың орташа жалақысына 83 шаршы метр тұрғын үй алуға мүмкін болса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 70 шаршы метрге дейін төмендеді", - деп атап өтті олар.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны