27.04.2020, 13:43 11302

Пульмонолог дәрігердің кеңестері: өзіңізді коронавирустан қалай қорғауға болады?

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронх демікпесі, өкпенің интерстициалдық аурулары сияқты тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар пациенттер бірінші кезекте "тәуекел тобында" болады

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Пульмонолог дәрігердің кеңестері: өзіңізді коронавирустан қалай қорғауға болады?

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Жоғары білім алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Касенова COVID-19-дан болатын өлім санының дүниежүзілік статистикасы осы аурудан қайтыс болғандардың арасында артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті секілді ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдардың жиі болатындығын дәлелдеді дейді.

Сәуле Лайыққызының айтуынша, егде адамдар вирустық инфекцияны ауыр көтереді және осының салдарынан болатын жағымсыз болжам бар. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронх демікпесі, өкпенің интерстициалдық аурулары сияқты тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар пациенттер бірінші кезекте "тәуекел тобында" болады, себебі олардың тыныс алу жүйесінің вирустық жүктемеге қарсыласу қабілеті өте төмен.

Осы тұрғыдан, пульмонолог дәрігер денсаулыққа мұқият қарау керек деп кеңес береді, ол үшін:

- дүние жүзінде өзінің тиімділігін көрсеткен карантин шараларын орындау қажет;

- дүкенге аптасына 2 рет тек қана қажетті азық-түлікке шығу керек;

- қоқысты мейлінше, басқа адамдармен қарым-қатынастың болу мүмкіндігі аз уақытта - таңертең ерте немесе кешкі уақытта шығарған дұрыс;

- теледидарды күніне тек қана қажетті ақпаратты алу үшін 2 сағаттан артық көрмеген дұрыс;

- тыныс алу жолдарының эпителиалық жасушаларын қорғайтын А, Е және С витаминдерін қабылдау қажет;

- гигиена шараларын орындау керек.

Оқшаулану отбасы мүшелерімен бірге көп уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

- Стресті өз бетінше жеңіп шыға алмайтын жалғыз басты егде адамдарды, балаларды, жасөспірімдерді қолдаңыздар.

- Негативті стресс адам иммунитетіне кері әсер беретіндіктен үрейлі көңіл-күйден алшақ болыңыздар.

Зиянды әдеттерден, әсіресе темекі шегу, жастар ішінде пайда болған электронды сигареттер мен кальян шегуден бас тартудың уақыты келді.

Қауіпті уақыт та бітеді, өмір де өз қалпына келеді, ол үшін өзіңіздің және сізді қоршаған адамдардың денсаулығын сақтау қажет. Өздеріңізді күтіп аман болыңыздар!

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны