12.10.2021, 21:21 42152

ҚР-да пойыздардың "әйелдер" вагондарына билеттер сатылымда пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАЗАН - Ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ әйел адамдар үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу бойынша жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны іске асыру үшін №77/78 "Алматы – Маңғыстау" және №351/352 "Алматы-1 - Өскемен" жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны іске қосылды, деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

BILET.RAILWAYS.KZ сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында темір жол билеттерін рәсімдеу кезінде "ЖН" (әйелдер) белгісі болған жағдайда бұл вагон тек қана әйел жынысты жолаушыларға (толықтай вагонға) билет сатуға арналғандығын білдіреді.

Сондықтан ер жолаушылар пойыз билеттерін сатып алғанда абай болу керек. Бұл ретте аталған вагонға еріп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды ресімдеуге рұқсат етіледі.

Бірінші рейске (№77 – 58п. пойызы, №351– 34п. пойызы) ағымдағы жылдың 10-шы қазанында "әйелдер" вагонына 92 жолаушының жол жүру құжаттары (билеттерін) рәсімделді.

Әйел жынысты жолаушылар тарапынан осы қызметке сұраныс болған жағдайда компания Қазақстан ішіндегі маршруттардың ауқымын кеңейтуге және өз клиенттері тарапынан ұсыныстарға дайын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны