24.03.2022, 17:02 20016
ҚР 24 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 12 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 24 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 23 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 304 961 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 0,
Алматы қаласында - 8,
Шымкент қаласында - 0,
Ақмола облысында - 0,
Ақтөбе облысында - 0,
Алматы облысында - 1,
Атырау облысында - 0,
ШҚО-да - 0,
Жамбыл облысында - 0,
БҚО-да - 0,
Қарағанды облысында - 1,
Қостанай облысында - 0,
Қызылорда облысында - 0,
Маңғыстау облысында - 1,
Павлодар облысында - 1,
СҚО-да - 0,
Түркістан облысында - 0.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 234 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 286 315 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
24 наурызға КВИ-ден 6 010 адам (4 990 КВИ+ және 1 020 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 593 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 5 417 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 48 пациент,
- аса ауыр халде – 22 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 13 пациент бар.
2022 жылғы 22 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) жағдайы тіркелген жоқ, өлім жағдайы тіркелген жоқ, 11 адам сауығып кетті.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 561, өлім - 5 350, сауыққандар - 82 191 тіркелді.
Қазақстанда 2022 жылғы 23 наурызға I компонентпен 9 443 551 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 127 841 адам вакцинацияланды.
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.06.2025, 14:09 42366
Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды
Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусым, жұма күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметінен.
Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру - 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2025, 17:03 58906
Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі
Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында "Алма-Арасан" автотұрағынан бастап термалды бұлаққа дейінгі туристік маршрут уақытша жабылады. Бұл шектеуге "Қыздың көз жасы" сарқырамасы мен "Терра" алаңқайы да кіреді.
Шектеу қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға арттыруға бағытталған маршрутты қайта жаңғыртудың екінші кезеңімен байланысты.
Жоба аясында көпірлерді бұзу, жаңалау, соқпақтарды жаңарту, баспалдақтар мен көріктендіру нысандарын орнату жоспарланған. Бұған дейін, 12 мамырдан бастап дайындық жұмыстары жүргізілген: беткейлер тазартылып, қорғаныс құрылымдары орнатылып, маршрут күшейтілген.
Маршрут жұмыс, демалыс және мереке күндері де толықтай жабық болады. Жұмысты 31 шілдеге дейін (ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін) аяқтау жоспарланып отыр.
Жоба заманауи, қауіпсіз әрі экологиялық таза туристік маршрутты қалыптастыруға бағытталған.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде бұл шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.05.2025, 16:58 95331
ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды
Жазғы демалыстың басталуымен бірге балаларымен теміржол арқылы сапар шегетін жолаушылардың саны артуда. Осыған байланысты Ұлттық тасымалдаушы балаларды пойызбен тасымалдау тәртібіне ерекше назар аударуға шақырады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады. Егер балаға бөлек орын қажет болса, онда міндетті түрде балалар билеті рәсімделуі тиіс. Егер отбасыда 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болса, әрбір ересек жолаушы тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады, ал басқа балалар үшін міндетті түрде балалар билеті сатып алынады.
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пойызда арнайы балалар билетімен ғана сапарлай алады. Мұндай билет ересектерге арналған жолақының 50%-ын құрайды.
15 жастан асқан балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді. Олар пойызда өздігінен сапарлай алады, алайда бұл жағдайда олардың қолында ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды расталған жазбаша рұқсаты болуы қажет.
Мемлекетаралық бағыттарда балаларды тасымалдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады: егер орын берілмесе, 5 жасқа дейінгі балалар тегін сапарлай алады; 5 пен 10 жас аралығындағы балалар үшін арнайы балалар тарифі қолданылады; ал 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар Қазақстан аумағында жолақының 50%-ын төлесе, шетел аумағында толық тарифпен жүреді.
Егер бала ата-анасымен бірге сапар шегетін болса, билет сатып алу және пойызға отыру кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты көрсетілу қажет. Егер баланы заңды өкілі емес адам ертіп жүрсе, онда екі ата-ананың нотариалды куәландырылған рұқсаты талап етіледі.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға және балалардың үнемі ересектердің қарауында болуын қатаң түрде қадағалауды шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2025, 12:03 103761
Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды
Алматыда мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі басталып, мопед жүргізушілері арасындағы жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Аталған шараның негізгі мақсаты - жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Биылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Жаңашылдыққа сәйкес, мопед жүргізушілерінен "А" санатындағы жүргізуші куәлігі, көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу, сақтандыру полисі мен мемлекеттік нөмір болуы талап етіледі. Осы талаптар енгізілгелі бері қалада 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 1,5 мыңға жуық мопед арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Бұл көліктердің ішінде жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірсіз басқарылған, қауіпсіздік талаптарын елемегендер де бар.
Біз "Қауіпсіз жол" іс-шарасының екінші кезеңі аясында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудеміз. Негізгі назар - мопед жүргізушілеріне бағытталған, себебі бұл санаттағы азаматтар қарапайым қауіпсіздік ережелерін жиі елемейді. Бұзушылықтар патрульдік қызмет, стационарлық бекеттер және бейнебақылау жүйелері арқылы тіркеледі. Біздің ұстанымымыз - заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік. "Заң мен Тәртіп" - жай ұран емес, әрбір азамат орындауға міндетті қағида", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 14:01 176936
Алматыда 9 мамырда 500-ден астам дронның қатысуымен шоу өтеді
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай дрондар шоуы өтеді, деп хабарлайды Almaty_Joly.
9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматыдағы Абай алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше дрондар шоуы өтеді. Іс-шара барысында аспанда 500-ден астам дрон қатысатын жарық шоу ұсынылады.
Көрсетілім барысында соғыс жылдарында Қазақстанның хас батырлары - Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлы бейнесі жарық анимация арқылы жанданбақ. Олардың ерлігін сипаттайтын көріністер символикалық түрде бейнеленеді.
Көрермендерге арналған арнайы алаңдар Абай алаңында, "Қазақстан" қонақ үйінің жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында (Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейін) дайындалады.
Іс-шараға байланысты 18:00-ден 21:30-ға дейін Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейінгі аралығы мен Достық көшесінің Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.
Қала тұрғындарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2025, 18:37 196426
Алматыда биыл 800 экологиялық автобус сатып алынады
Қалада тиімді көлік қозғалысын басқару мақсатында Алматы әкімдігі мен Қытайдың Inspur мемлекеттік компаниясы 2025 жылы сәуірде Алматының Зияткерлік көлік жүйесі (ITS) тұжырымдамасын әзірледі. Бұл туралы қала әкімінің 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде айтылған, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жоба бойынша келісімшарт 2025 жылы 20 мамырға дейін жасалып, жүйе 2026 жылдың тамызына дейін іске қосылады.
Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін қалалық қоғамдық көлікті 100% экологиялы ету көзделген. Биыл 29 сәуірде 600 газбен жүретін және 200 электр автобусты сатып алуға байқау жарияланды. Жеке тасымалдаушылар өз тарапынан 800 газбен жүретін және 118 электр автобусты сатып алуды жоспарлап отыр.
Электр көлігі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2025 жылы ақпаннан бастап 6 инвесторға 233 электр зарядтау станциясын орнатуға техникалық шарттар берілді.
Сонымен қатар, "жасыл" облигациялар есебінен 100 электробус сатып алып, 10 троллейбус қосалқы станциясын жаңғыртуға құжаттар дайындалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімдігі 2025 жылы алғаш рет "жасыл" облигацияларды электробус сатып алуға ғана емес, сондай-ақ, Желтоқсан көшесіндегі BRT желісінің құрылысын жалғастыруға бағыттамақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2025, 15:47 196656
Астанада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Астанада 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Олардың арасында концерттер, көрмелер, акциялар, спектакльдер және т.б. бар, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
6-8 мамыр күндері адам көп жиналатын орындарда еріктілер блиц-сауалнама жүргізіп, қоғамдық орындарда "Жеңіс лентасы" ленталары мен төсбелгілерін тарататын болады.
6 мамырда сағат 19:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Әлия" спектаклін көрсетуді жоспарлап отыр, сонымен бірге Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Кестелі орамал" мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ, "Жастар" сарайында сағат 19:00-де "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерттік бағдарламасы жоспарланған.
Астанада "VIRTUS WORLD TENNIS CHAMPIONSHIP" (дамуында зияткерлік кемістігі бар тұлғалар) ерлер мен әйелдер арасында теннистен әлем чемпионаты өтіп жатыр, ол 11 мамырға дейін "Дәулет" теннис орталығында мына мекенжай бойынша жалғасады: Қордай көшесі, 6. Көрермендерге кіру тегін.
6-10 мамыр аралығында елордада спорттық гимнастикадан ашық қалалық чемпионат өтуде. Жарыс Ә. Жангелдин, 9А мекенжайы бойынша "Жеңіс" СК өтеді. Көрермендерге кіру тегін.
2025 жылғы 7 мамырда сағат 11:00-де Астанада концерттер мен әскери парадтың тікелей көрсетілімі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандар арқылы шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:
1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);
2. "Астана Арена" стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);
3. "Astana Music Hall" автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).
Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.
Сағат 12:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының аумағында әртістердің қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
8 мамыр күні сағат 15.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
9 мамырда Ботаникалық бақта елордалық студенттер мен оқушылар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Эстафета сағат 9:00-де басталады. Қатысуға спорттық дайындығы бар және медициналық тексеруден өткен оқушылар мен студенттер жіберіледі (командалар басшы мен дәрігер куәландырған өтінімді ұсынуы тиіс).
9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай "Жастар" саябағында сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін және қалалық алаңда сағат 17:00-де мерекелік концерттер өтеді. Сол күні сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Ар адамы - Бауыржан" спектаклінің премьерасы өтеді.
Сондай-ақ, 9 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін қала әкімдігі, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерінің, әскери оркестрдің қатысуымен оркестрмен құттықтау болады.
Сонымен қатар, 9 мамырда елордада "Qazaqstan Barysy Grand Slam" дзюдодан халықаралық турнир басталады. Жарыс Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Көрермендерге кіру тегін.
10 мамыр күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Мамыр вальсі" мерекелік концерті өтеді.
10 мамыр күні сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында "Ар адамы. Бауыржан" сахналанады.
Естеріңізге сала кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлем аударылды. Сондай-ақ, "Қамқорлық мекенжайы" акциясы аясында ардагерлерге азық-түлік себеттері табысталады, аулалар қоқыстардан тазартылады және т.б.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2025, 17:58 227581
Алматыда көкөніс бағасы тұрақтандырылуда
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ)бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында "Алматы "ӘКК" АҚ "Magnum Cash&Carry" ЖШС сауда желісімен картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бағаларын тұрақтандыруға форвардтық қарыз шартын жасасты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы, Жамбыл, Павлодар және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен "Magnum Cash&Carry" супермаркеттерінде тіркелген төмендетілген бөлшек бағамен сатылатын
10 440 тонна көкөніс өнімдері сатып алынады. Бағаны тұрақтандыру кезеңі 2025 жылғы 1 қыркүйектен 2026 жылғы 30 сәуірге дейін созылады.
Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың наурыз айында "Алматы" ӘКК және "Magnum Cash&Carry" 606 тонна көлеміндегі ӘМАТ-тың 11 атауы бойынша бағаны тұрақтандыруға арналған қарыз шартына қол қойды. Тізімге қарақұмық жармасы, рожкилер (өлшеп алу), күріш жармасы, күнбағыс майы, айран 2,5% жұмсақ қаптамадағы май, май 72,5% май, пастерленген сүт 2,5% жұмсақ қаптамадағы май, тауық еті (аяғы, жамбас), бірінші сортты ұн, сиыр еті (күрек-кеуде бөлігі)кірді және тұз. Бағаны тұрақтандыру кезеңі 2025 жылдың наурызынан 2026 жылдың наурызына дейін созылады.
Тауық етінің бағасын тұрақтандыру мақсатында "Алматы" ӘКК "Алатау-Құс" АҚ құс фабрикасымен "Алатау-Құс" фирмалық дүкендері арқылы 1 818 тонна көлемінде өнім өндіру және өткізу бойынша қарыз шартын жасасты. 2024 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қазанға дейін сөреде құс етін бөлшектеп сату бағасы килограмына 1 100 теңгеден аспайды.
Тауық жұмыртқасының бағасын тұрақтандыру үшін "Сары-Бұлақ "компаниясы" ЖШС құс фабрикасымен 2024 жылғы қазаннан 2027 жылғы қазанға дейінгі кезеңде бірінші санаттағы жұмыртқалардың 86,4 миллион данасын өндіру және сату бойынша заем шарты жасалды. Аталған өнімді өткізу қаланың ірі сауда желілерінде ("Magnum", "Small", "A-store.kz", "Metro"), "Алатау-Құс" фирмалық дүкендері арқылы, сондай-ақ "үй жанындағы" дүкендерде. Өндірушінің сату бағасы бір дана үшін 51 теңгені құрайды, сөредегі баға - 15% - дан аспайтын үстемеақымен.
Сондай - ақ, сүт бағасын тұрақтандыру үшін "Белогорье Көкшетау сүт зауыты" ЖШС-мен "Әженің лужогі" сауда маркасының 170 000 литр сүтін өндіруге және сатуға 2025 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында үш айға бағаны тұрақтандыру кезеңімен заем шарты жасалды. Шекті сату бағасы литріне 348 теңгені құрайды. Сүтті "үй жанындағы" дүкендер арқылы сатып алуға болады.
Ұсақталған қант бағасын тұрақтандыру мақсатында "Алматы" ӘКК "Magnum", "Small", "Toimart", "Столичный", "Юбилейный" және басқа да сауда желілері арқылы жергілікті өндірушінің қантын сатуды ұйымдастырды. Өнім 10% - дан аспайтын сауда үстемесі кезінде бір килограмына 380 теңге белгіленген сату бағасы бойынша сатылады. Тұрақтандыру шаралары 2024 жылдың тамызынан 2025 жылдың тамызына дейін қолданылады.
Сонымен қатар, Алматыда әр сенбі және жексенбі күндері "Алматы" ӘКК ұйымдастырған қаланың төрт ауданында "демалыс күні" ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді:
Алмалы ауданы- Масанчи көшесі (Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің арасы);
Әуезов ауданы - Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
Бостандық ауданы - Қазахфильм (әл-Фарабиден жоғары);
Медеу ауданы - Мендіқұлов пен Бектұров көшелеріндегі бульвар.
Бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар аясында жәрмеңкелерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтық құннан 15-20% - ға төмен сатылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.06.2025, 09:43Ақордада Словакия Премьер-министрін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті 11.06.2025, 10:07 30996Жамбыл облысында магистральдық каналдағы суды есептеу жүйесі автоматтандырылды11.06.2025, 13:11 30761Ақмола облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді11.06.2025, 13:16 30511"Қазпоштаны" Бекежан Жақеев басқарады11.06.2025, 13:33 30171Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды
05.06.2025, 17:47 98141Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысымен танысты05.06.2025, 18:21 97381Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр05.06.2025, 10:29 96346Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерін бақылауды күшейтеді05.06.2025, 17:22 95316Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында сатып алу платформасы іске қосылды05.06.2025, 17:14 91231Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты
03.06.2025, 14:47 130846Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды23.05.2025, 13:56 123371Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 121891Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 120326Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 119611Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары