29.03.2024, 10:20 57486

ҚР Украинадағы Елшілігі қазақстандықтарға Одесса мен Харьковтан кетуге кеңес береді

ҚР Украинадағы Елшілігі қазақстандықтарға Одесса мен Харьковтан кетуге кеңес береді
Сурет: Depositphotos
Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және Қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметінен.

Украинадан Қазақстанға шығу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын ескертеміз.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек, Молдова арқылы қайту үшін виза талап етілмейді.

Сонымен бірге, Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады.

Елшіліктің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны