11.03.2024, 20:12 48556

Семейде аулаларды су алуда

Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды
Семей қаласында сыртқы ауа температурасының көтерілуіне және қардың мол еруіне байланысты қаланың 4 аула аумағы мен 5 көшесі су астында қалды, деп хабарлайды Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді.

Қосымша Садовая көшесіндегі арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.

Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Жұмыстарға ЖАО, Абай облысы ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды.

Еріген суды сору жұмыстары аяқталды.

Абай облысының ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны