02.02.2023, 17:18 49846

Сенатор: Цифрлық аутизм - ХХІ ғасырдың дерті

Сенатор: Цифрлық аутизм - ХХІ ғасырдың дерті
Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр

Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ғалымдардың айтуынша, аутизм - "ХХ ғасырдың обасы". Ал цифрлық аутизм - ХХІ ғасырдың дерті. Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында осындай пікір айтты.
 
Депутат қазіргі таңда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да "цифрлық аутизм" белгілері байқала бастағанын атап өтті.
 

Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр. Олардың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиынға соғып отыр ", - деді сенатор.

 
Сенатор гаджетизация мен заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес екенін айтты. Депутат осыған байланысты мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтып беруін ұсынды.
 
Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында оқытуды компьютерлендіру қазақстандық оқушылардың көру қабілетінің нашарлауына әкеп соқтырғанын айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны