23.09.2021, 20:32 7766

Тұрғын үй иелері жаңа адамдарды тіркеу туралы SMS арқылы хабарланады

Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.
НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.
 

Қазақстандықтар маған үйлерінде бейтаныс адамдардың тіркелгені туралы жиі жазып жатады. Аталған жаңа сервис бұл мәселені шешуі тиіс. Егер біреу сіздің қатысуыңызсыз ХҚО арқылы үйіңізге бөгде адамды тіркеуге тырысса, сіз бұл туралы SMS-хабарлама арқылы бірден біле аласыз. Сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі", – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

 
 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы азаматтарға тұрғылықты тіркеу қызметін 2019 жылдан бері көрсетіп келеді. Бұған дейін онымен ХҚО-да орналасқан көші-қон қызметінің мамандары айналысқан болатын.
 
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны