03.03.2022, 17:50 28316

Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Украинадан 430-дан астам қазақстандық эвакуацияланды

Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Украинадан 430-дан астам қазақстандық эвакуацияланды
Сурет: telegram/Посольство Казахстана в Украине
НҰР-СҰЛТАН. 3 НАУРЫЗ - ҚР Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелері Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмысы басталғаннан бері 431 азаматқа, оның ішінде Польшаға – 404 адамға, Молдоваға – 21 адамға, Мажарстанға – 5 адамға, Словакияға – 1 адамға шығуға жәрдем көрсетті. 

Қазақстандық дипломаттар жоғарыда аталған мемлекеттердің шекарасынан өтуді, азаматтарды жинауды және Қазақстанға одан әрі жетуді қамтамасыз етеді. 

«Air Astana» әуекомпаниясының екі эвакуациялық ұшағы 299 адамды шығарып үлгерді, олар Катовице қаласынан (Польша) Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жетті. 

Сонымен қатар, 3 наурызда үшінші эвакуациялық ұшақты жіберу пысықталуда. 

Қазіргі уақытта Катовице қаласында 68 ҚР азаматы елге оралатын уақытты күтіп отыр. 

Бұған дейін шекараны өткен бірқатар азаматтар ЕО аумағында қалуға шешім қабылдады. 

Сонымен қатар, азаматтарымызды украин-поляк шекарасына жеткізу үшін Киевтен 57 адамға және Львовтан 41 адамға сапар ұйымдастырылды. 

«Атамекен» ҰКП берген ақпаратына сәйкес, Украинадағы әскери шиеленіс басталғаннан кейін ел аумағында 47 жүргізуші – ҚР азаматтары және 8 жүргізуші – шет мемлекет азаматтары бар жалпы 55 автокөлік қалды. 

Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттардың көмегімен 55 автокөлік құралдарының ішінен жүргізушілермен бірге 13 автокөлік украин-ресейлік шекарасы арқылы Ресей аумағына, 8 автокөлік Молдоваға және 3 автокөлік Польшаға шығуға қолғабыс көрсетілді.

Ақпарат көзі: ktk.kz



 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны