13.02.2024, 19:47 39486

Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Жайылғанова 2019 жылдан 2022 жылға дейін үш жыл бойы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігін басқарған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны