14.10.2021, 20:33 52718

Жамбыл облысында оқ-дәрілердің фрагменттерін жару жұмыстары 13 қарашаға дейін жүргізіледі

ТАРАЗ. 14 ҚАЗАН - Жамбыл облысында оқ-дәрілердің фрагменттерін жару жұмыстары 13 қарашаға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелерінің күшімен Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер фрагменттерін бақылап жару басталды.
 

Жұмыс күн сайын дүйсенбіден бастап жұма аралығында ағымдағы жылғы 13 қарашаға дейін жүргізіледі. Бұл үшін адамдар жоқ таулы жерде әскери бөлім мен елді мекендерден алыста әскери бөлімнен 12 шақырымнан астам қашықтықта учаске белгіленді. Мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеді", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінде.

 
Жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланды.
 

Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды. Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ", - деп атап өтті ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны