07.02.2022, 16:28 19766

2022 жылғы 7 ақпандағы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың бесінші жарыс күнінің кестесі

Қытай астанасы Бейжіңде қысқы Олимпиада жалғасуда.
2022 жылғы 7 ақпандағы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың бесінші жарыс күнінің кестесі
Сурет: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
БЕЙЖІҢ. 7 АҚПАН - Қытай астанасы Бейжіңде қысқы Олимпиада жалғасуда. Olympic.kz жарыстың бесінші күніндегі қазақстандық спортшылардың кестесін назарларыңызға ұсынады. 
 
7 ақпан
 
Шаңғы қоссайысы. Ресми жаттығу
 
Шыңғыс Ракпаров
 
Басталуы: 12:30
 
Конькимен жүгіру. 1500 м. Әйелдер
 
Екатерина Айдова, Надежда Морозова
 
Басталуы: 14:30
 
Биатлон. Әйелдер. Жекелей сын
 
Галина Вишневская
 
Басталуы: 15:00

Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадада Қазақстанның намысын 34 спортшы қорғайды. Осы уақытқа дейін өнер көрсеткен барлық атлеттердің ішінде шорт-трекистер ең жоғары орынға ие болды - аралас командалық эстафетада олар бесінші нәтиже көрсетті. Бесінші орын үшін спортшыларға әрқайсысына 10 000 доллар көлемінде жүлде қарастырылған.

Кеше Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші финал өтті. Оған Қазақстан командасының көшбасшысы Юлия Галышева қатысты. Өкінішке орай, спортшы трассаны өту кезінде қателік жіберді, соның салдарынан қорытынды ұпай саны басты финалға шығу үшін жетпеді. Ол 49,74 ұпай жинады. Галышева Олимпиада-2022-ні 11-орында аяқтады, деп хабарлады ҚР ҰОК.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны