28.01.2022, 16:46 17796
Қазақстан құрамасы Бейжіңге қысқы Олимпиада ойындарына аттанды
Сурет: ҚР ҰОК
Достарға айту
Барлық спортшылар мен бапкерлер ұшар алдындағы соңғы аптаны карантинде өткізді. Нақтылап айтар болсақ, олар үшінші тараппен байланыспай, көпшіліктен бөлек тұрып, бөлек жаттығу жасады. Қытайға делегацияны арнайы "Air Astana" әуе рейсі барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жеткізеді. Бұл рейспен конькимен жүгіру, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан ұлттық құрамалар ұшып кеткен", - деп хабарлады ҰОК.
Ал қорытынды жиынды шетелде өткізіп жатқан биатлон, шаңғы жарысы және шаңғы акробатикасынан ұлттық құрамалар Қытайға өз бағыты бойынша келеді.
Бүгін біз Олимпиада ойындарына ұшып барамыщ. Бұл бәріміз үшін толқитын сәт. Біз жақсылықтан үміттіміз және мұндай жауапты жарысты бар күшімізді саламыз. Осындай қиын кезеңде барлық жағдайды жасап, қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысы мен үкіметке, Ұлттық Олимпиадалық комитетке алғыс айтамын. Біз қандай кезең болса да, жаттығуды үзген емеспіз", - дейді Қазақстан командасының ту ұстаушысы, шорт-тректен құрама көшбасшысы Абзал Әжіғалиев.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 ақпан күні Бейжіңдегі Ұлттық стадионда өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.12.2024, 19:47 5346
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды
Достарға айту
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан футбол федерациясының ХХVІI кезектен тыс конференция отырысы өтті. Іс-шара барысында федерацияның жаңа президенті сайланды.
Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне кандидаттар ретінде "Алматы облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан Алтай Даумов, "Ақмола облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан Ербол Қайыров және "Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан Марат Омаров үміткер атанды.
ҚФФ Бас хатшысы Саян Хамитжанов жиынды ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. Одан кейін президенттікке үміткерлерге сөз берілді. Отырыстың ресми бөлігі аяқталған соң облыстық футбол қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің, футбол ұйымдарының және футбол мектептерінің өкілдері жаңа президентті сайлау үшін дауыс берді. Нәтижесінде қатысушылар М.Омаровтың кандидатурасын қолдады.
Министр Ербол Мырзабосынов Марат Омаровты жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан футбол федерациясының жұмысында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бүгін құрылымның жаңа президенті тағайындалды. Басшылыққа Марат Омаров келіп отыр. Футбол әлемдегі ең қызықты әрі танымал спорт түрі. Қазақстан үшін де дәл солай. Жаңа президенттің басшылымен ұлттық құрама жақсы нәтижелер көрсетеді деп сенемін. Марат Талғатұлы салаға жаңаша серпін әкеліп, осы уақытқа дейін жинаған тәжірибесін отандық футболдың дамуына жұмсайды деген ойдамын. Ел азаматтары футболға ерекше қызығушылықпен қарайды. Сондықтан футболды жаңаша дамытуымыз керек. Әсіресе, халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты арттыру қажет. Футболшылардың, әлемдік деңгейдегі бапкерлер мен төрешілердің дайындығына, резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу маңызды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл спорт түрімен 1 миллионнан астам адам тұрақты түрде айналысады. Оның ішінде ауылдық жерлерде 537 мың адам шұғылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 10:50 6306
Харбиндегі қысқы Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 15 спортшы қатысады
Достарға айту
Харбиндегі қысқы Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 15 спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірдегі бірқатар спорт нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Сапар барысында Министр Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежіне барды. 2013 жылы қолданысқа берілген спорт кешенінде жыл бойы жаттығу жасау үшін барлық жағдай жасалған, сондай-ақ мұнда облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар ведомство басшысы Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралады. Орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындары өтеді. Ғимарат заманауи спорт құралдарымен жабдықталған. Орталықта спортшылардың жарыстан кейін немесе жарақат алған кезде физиотерапия ем-шараларын алып, қалыпқа келуіне мүмкіндік беретін дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар.
Туризм және спорт министрі Үстел теннисі орталығында олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушыларымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында Министр аймақ спортын дамыту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және спортшылардың дайындық деңгейін көтеру қажеттілігін атап өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов жабық футбол стадионы мен теннис академиясын салу жобасын таныстырды. Бұл жобаларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының өңірге жасаған сапары кезінде тапсырылған болатын.
Шығыс Қазақстан облысы - елімізді әлемге танытып, көк байрағымызды желбіреткен талантты спортшыларды дүниеге әкелген өңір. Бұл аймақта даңқты хоккейші Борис Александров, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, фристайлдан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева сияқты дарынды спортшыларымыз дүниеге келген. Жалпы, ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың негізгі орталығы саналады. Сол себепті дайындық барысында қолда бар әлеует пен ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Келесі жылы Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтетіні белгілі. Қазақстан құрамасынан 6 спорт түрінен 139 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан биатлон, тау шаңғысы, шорт-трек және шайбалы хоккей сияқты спорт түрлерінен 15 спортшы бақ сынайды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 12:19 23126
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты
Достарға айту
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті. Іс-шараға жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, облыстық федерацияның басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.
Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, спорттағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Оның ішінде, халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер көрсеткен жоғары нәтижелер мен жеңістер, сондай-ақ жеңіл атлетиканың дамуына бағытталған жаңа бастамалар айтылды.
Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы О.Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Министр Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетика федерациясын бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметовке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, президенттікке тағайындалған Ольга Рыпакованың қызметіне сәттілік тіледі.
Жеңіл атлетика - елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда 360 мыңнан астам отандасымыз дәл осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан біз бұл спортты жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық аренада танымалдылығын арттыруымыз қажет. Бүгінгі жиында федерацияның жұмысына қатысты маңызды өзгерістер болып жатыр. Федерацияны бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетіп жатыр. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Даниал Кенжетайұлының басшылығымен біздің атлеттер халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетті. Енді федерация президенттігіне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп отыр. Ольга Сергеевнаның отандық жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесі мол. Алдағы уақытта да еліміздің жеңіл атлетика спортын биіктерге көтереді деп сенеміз", - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.
Жиын соңында министр Ольга Рыпаковаға еліміздегі жеңіл атлетика спортының халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын арттыру, спортшылардың дайындығына және резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 12:06 23316
Сегіз жасар астаналық оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Достарға айту
Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сегіз жасар чемпион Әбдіқайым бұған дейін шахмат ойынынан өткен "Akbulak Open-2023" халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған, әлем чемпионаттарына да қатысқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2024, 17:06 39141
Астанада жастар үшін ALL in SPORT жүгіру жарысы өтеді
Достарға айту
Елорданың Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде желтоқсан айында жастар арасында кедергілермен жүгіру бойынша ALL in SPORT өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жарысқа 18 бен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Онда CrossFit, ауыр және жеңіл атлетика элементтері болмақ.
Жарыстың жүлде қоры - 600 000 теңге, бәсеке жігіттер мен қыздар арасында өтеді.
Сондай-ақ, спорттық сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.
Жүгіру 8 желтоқсан күні сағат 11:00-де Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.
Қатысушыларды тіркеу funnysport.kz сайты немесе Instagram-дағы @funnysport.kz парақшасы арқылы жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2024, 17:00 39321
Бүгін Бахрейнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады
Достарға айту
Бүгін Бахрейнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алауы тұтанады. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жаһандық додаға биыл әлемнің 92 елінен 471 ауыратлет қатыспақ. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да бар. Манамадағы толағайлар тартысында ел намысын ерлер - 10, әйелдер - 5 салмақ дәрежесінде қорғайды.
Былтыр Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы әлем чемпионатына 12 отандасымыз бақ сынап, өкінішке қарай, олардың бірде-біреуі жүлдегерлер қатарынан көріне алмаған еді. Ал 2022 жылы Колумбияның Богота қаласында өткен жаһандық додада жерлестеріміз бір күміс, бір қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған болатын.
Сол жылы ел құрамасынан 96 келіде өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы ел қоржынына - күміс, 73 келіде сынға түскен Алексей Чуркин қола жүлде салған еді. Нұрғиса Әділетұлы қоссайыста 383 (174+209) келіні еңсерсе, Алексей Чуркин 343 (153+190) келі зілтемірді басынан асыра көтерген болатын.
Манамадағы биылғы аламанда екі отандасымыз да бақ сынап, екі жыл бұрынғы нәтижелерін жақсартуға тырысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2024, 14:22 45181
Елімізде порттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен тәртібі өзгеруі мүмкін
Достарға айту
ҚР ТСМ Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен тәртібіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Спорттық атақтар мен разрядтарды беру жүйесін жетілдіру аясында спорттың барлық түрі бойынша, оның ішінде спорттық акробатика және көркем гимнастика сияқты спорт түрлеріне өзгерістер енгізуді көздейтін жаңа бұйрық жобасы әзірленді.
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық) бекітілген нормалар мен талаптармен реттеледі.
Бұл ретте өтінімдерді беру тәртібін қоса алғанда, өтінім беру жүйесінің өзі спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру мен олардан айырудың барлық тетігін реттейтін 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықпен айқындалады.
Өзгерістер енгізіліп жатқан жаңа бұйрық көптеген спорт түрі бойынша нормаларды, соның ішінде республикалық аккредиттелген спорт федерациялары әзірлеген көркем гимнастика және спорттық акробатика бойынша балдық бағалау жүйесін енгізуді көздейді. Осы уақытқа дейін аталған спорт түрлеріндегі атақтар мен разрядтар тек жүлделі орындар негізінде берілетін.
Сонымен қатар жаңа нормалар спорттың барлық санаттары: олимпиадалық, паралимпиадалық, ұлттық, олимпиадалық емес, техникалық, әскери-қолданбалы және басқалар үшін атақтар мен разрядтарды беруге бірыңғай тәсілді енгізуді көздейді. Бұйрық жобасында бейінді спорт федерацияларымен ынтымақтастықта әзірленген барлық спорт түріне қойылатын талаптар нақтыланады.
Жаңа бұйрықтың талаптарын орындаған спортшылар жаңартылған нормалар күшіне енгенге дейін жарыстарда қол жеткізген нәтижелерді қоса алғанда, атақтар мен разрядтарды беру құқығын сақтайды.
Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне келісуге жіберілді. Құжат 2025 жылдың қаңтарында бекітіледі деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2024, 17:38 48611
Малайзияда Х Азия - Тынық мұхиты ойындары басталды
Достарға айту
Малайзияда Х Азия - Тынық мұхиты ойындары басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия - Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті. Спорттық жарысқа әлемнің 24 елінен 1300-ге жуық есту қабілеті зақымдалған спортшылар қатысып жатыр. Олар спорттың 10 түрінен, атап айтқанда, жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.
Қазақстан құрамасы сапынан бұл жарыста 80 спортшы өнер көрсетеді. Жерлестеріміз 8 спорт түрінен сынға түсуде: жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисі.
Қазақстан құрамасы Азия - Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Спортшыларымыз Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ыстықкөл және Бішкекте оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді. Енді олардан жоғары нәтиже күтеміз. Спортшыларымыздың табысты өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдімін", - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.
Азия - Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.12.2024, 20:37Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды 20.12.2024, 12:52 64591ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда17.12.2024, 20:27 60361Алматыда бірден екі құрылыс нысаны бұзылады18.12.2024, 13:36 56976Қазақстан Үкіметі, Ұлттық Банк және Стати тараптары дауды реттеуді аяқтады18.12.2024, 13:28 56936Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын аяқтады
12.12.2024, 17:30 110926Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 110291Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 105881ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 101846Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 101701Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады