Қазақстандықтардың Бейжің Олимпиадасына қатысу қорытындысы
Сурет: ҚР ҰОК
Турнир ережесіне сәйкес, іріктеуде алғашқы ондыққа енген спортшылар финалға жолдама алады. Қалған қатысушылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Қазақстан командасы төмендегідей нәтиже көрсетті:
- Олеся Граур (57.18 ұпай) - 23-орын.
- Аяулым Әміренова (66.82 ұпай) - 16-орын.
- Анастасия Городко (жарысты аяқтаған жоқ).
Осылайша, қазақстандық спортшылар іріктеудің екінші айналымында сынға түседі. Екінші кезең 6 ақпанға жоспарланған.
Сонымен қатар, Бейжің Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде фристайл-могулдан ерлер арасындағы іріктеу сынын аяқталды.
Бірінші іріктеу айналымында қазақстандық спортшылар алғашқы ондыққа енген жоқ. Дмитрий Рейхерд 75.43 ұпаймен 12-орын алды. Павел Колмаков 74.09 ұпаймен 17-орында. Екі спортшымыз да 5 ақпан күні өтетін іріктеу кезеңінің екінші айналымында сынға түседі", - деп хабарлады комитетте.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енген могулшылар финалға бірден жолдама алды. Канадалық Микаэль Кингсбери 81.15 ұпаймен көш бастап келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.