07.02.2022, 19:25 20861

Олимпиаданың үшінші күні: қазақстандықтар медаль үшін спорттың екі түрінен бақ сынады

Олимпиаданың үшінші күні: қазақстандықтар медаль үшін спорттың екі түрінен бақ сынады
Сурет: ҚР ҰОК
НҰР-СҰЛТАН. 7 АҚПАН - Бүгін Бейжің Олимпиадасында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метрге жүгіруден жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 
 
Бұл сында Қазақстан намысын Екатерина Айдова мен Надежда Морозова қорғаған болатын. Олар жарысты тиісінше 14 және 18-ші орындарда аяқтады. 
 
Бұл сында олимпиадалық рекорд орнатқан Ирен Вюст (Нидерланд) жеңіске жетті. Екінші орында жапондық Миха Такаги. Үздік үштікті тағы бір нидерландтық Антуанетте де Йонг тұйықтады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны