13.02.2023, 08:43 30076

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының жалпы командалық есебінде екінші орын алды

Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты аяқталды
Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының жалпы командалық есебінде екінші орын алды
Сурет: Instagram/drs_kz
Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жалпы есепте 2-орын алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Қазақстан құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медальге ие болды. Чемпион атанғандар - Каролин Кипкируи (3000 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру), ерлер құрамасы (эстафета 4х400 метр), әйелдер құрамасы эстафета 4х400 метр), Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);

kazsports.kz

Күміс жүлдегерлер - Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Кристина Овчинникова (биіктікке секіру);

kazsports.kz

Қола медаль алғандар - Ақбаян Нұрмамет (1500 метрге жүгіру), Шэдрак Кимутай (3000 метрге жүгіру), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру);

Жалпы есепте 15 медальге - 6 алтын, 5 күміс пен 4 қолаға қол жеткізген Жапония құрамасы 1-орыннан көрінді.

Қатар атлеттері 8 жүлдемен (2 алтын, 4 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Барлығы бұл чемпионатқа 31 елден 500-ден астам спортшы жиналды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны