11.08.2018, 19:23 6653

Ақтөбе облысында спорт апталығы өтеді

Спорт апталығыныӊ негізгі оқиғасы 18 тамызда "Жекпе-жек" Сарайында өтеді, онда үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттайды, көрермендер акробаттар мен гимнастшылардыӊ шоуын, кроссфиттен жарысты қарай алады. Сондай-ақ, осы шара аясында қонақтар облыстыӊ беделді спортшыларын басқа қырынан тани алатын болады.

Ақтөбе. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында спорт апталығы өтеді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысыныӊ дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Мейрамбек Махамбетов хабарлады.

Оныӊ айтуынша биылғы жылы Спорт күні бір апта бойына мерекеленетін болады.

"Тамыздыӊ 10-нан 18-і аралығында Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында 15 ірі іс-шара өтеді, оларға 15 мыӊ адам қатысады. Спорттық жарыстар Тұӊғыш Президент атындағы саябақта, БЖСМ, шахмат аллеясында ұйымдастырылады. Спорт апталығы бойына облыс тұрғындары ақтөбелік спортшылардыӊ өнерлерін көре алады, жүзуден, теннистен, зияткерлік және спорттыӊ ойын түрлері бойынша БЖСМ-дегі ашық есік күндері оларға кіре алады", - деді Мейрамбек Махамбетов.

16 тамызда Тұӊғыш Президент атындағы саябақта грек-рим, еркін күрес, әйелдер күресі балуандары флешмоб көрсетеді. Сонымен қатар, "Күрестіӊ 12 түрінен фестивальдіӊ" ақтық кездесулері болады.

Спорт апталығыныӊ негізгі оқиғасы 18 тамызда "Жекпе-жек" Сарайында өтеді, онда үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттайды, көрермендер акробаттар мен гимнастшылардыӊ шоуын, кроссфиттен жарысты қарай алады. Сондай-ақ, осы шара аясында қонақтар облыстыӊ беделді спортшыларын басқа қырынан тани алатын болады.

Спорт апталығы 18 тамызда кешкісін Тұӊғыш Президент атындағы саябақта үлкен бағдарламамен жабылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны