23.10.2018, 18:03 9979

Алматыда 2018 жылғы велошеру маусымыныӊ жабылуы өтті

Бұл велошеруде атақты спорт журналисті Галина Полевойды қолдау мақсатында қайырымдылық акциясы өтті. Танымал қазақстандық спорт журналисті Галина Полевая 20 жыл бойы "Хабар" телеарнасында тілші болып қызмет атқарған. Қазіргі таӊда Галина онкологиялық аурумен күресіп жатыр.

Алматы. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қазанныӊ 21-і күні "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында велошерудіӊ жабылу маусымы өтті. Бұл шара қазақстандық спорт журналисті Галина Полеваяға арналды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары мен қала қонақтары қатысты. Дәстүр бойынша велошеру "Нұрлы Тау" бизнес орталығыныӊ аумағынан басталып, Тұӊғыш Президент саябағында аяқталды.

Велосипедшілердіӊ арасында мәреде барлық қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар мен 10 велосипедтер ойнатылды. Екі дөӊгелекті темір тұлпардыӊ жеӊімпаздарыныӊ бірі - биылғы жылы бірде бір велошеруді жібермеген, тұрақты қатысушы Инна Байдадорова атанды:

- Біз биылғы жылғы барлық велошеруге қатыстық, тіпті Ыстықөлдегі демалысымыздан келіп қатысып жүрдік. Отбасымызбен салауатты өмір салтын ұстанамыз, енді біз коньки тебуге барамыз. Алматы қаласыныӊ әкімдігі мен "Спорттық Алматы" бағдарламасына үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ қатысушыларға осындай тамаша көӊіл-күй үшін алғыс айтамын! Күндеріӊіз сәтті өтсін! - деп, 27 жастағы Инна барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Велошеруге Blind Race Astana - Paris веломарафонынан оралған "Спорт без границ" командасыныӊ мүшелері қатысты. Астанадан Парижге 5 мыӊ шақырым қашықтықты жүріп өткен өз қуаныштарын жасыра алмады. Сахнада оларға Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде олар қалалық әкімдікке алғысын айтып, барлық азаматтарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырды. "Спорт без границ" - бұл қозғалыстыӊ басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты қолдау және оларды спортқа баулу.

Бұл велошеруде атақты спорт журналисті Галина Полевойды қолдау мақсатында қайырымдылық акциясы өтті. Танымал қазақстандық спорт журналисті Галина Полевая 20 жыл бойы "Хабар" телеарнасында тілші болып қызмет атқарған. Қазіргі таӊда Галина онкологиялық аурумен күресіп жатыр. Енді Галина қымбат операцияға мұқтаж. Бүгінгі акцияда әркім тілшініӊ отбасына қолдау көрсетіп, емдеуге қаражат жинау үшін өз үлесін қосуға мүмкіндік алды.

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған жоба аясында өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны