29.04.2018, 20:36 9836

Алматыда бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында екінші велошеру өтті

"Спорттық Алматы" бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған екінші велошеру өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алматы. 29 сәуір. KazakhstanToday - Бүгін "Спорттық Алматы" бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған екінші велошеру өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Велошеру "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан бастау алып Ғ. Мұсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театр алдында өз мәресіне жетті. Иуесқойлар Ил-Фараби, Шығыс айналмалы жол, Төле би, Абылай xан көшелерімен жүріп өтіп, 10 шақырым қашықтықты бағындырды.

Идеттегідей, мәреде қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Еӊ басты ұтыс - велосипедтіӊ бірі Қалықбек Қалдарбековке бұйырды.

- Велошерулерге жиі қатысып тұрамын. Өткен жылы гоу про камераны ұтқанмын. Бірақ, мұндай үлкен сыйлықты бірінші рет жеӊіп отырмын. Өзімде велосипед бар, сондықтан жұбайыма сыйлаймын, - деп жеӊімпаз Қалықбек Қалдарбеков бөлісті.

Сонымен қатар, Almatysports инстаграм парақшасында өткізілген байқаудыӊ жеӊімпазы анықталды, бағы жанған қатысушы жаӊа велосипедтіӊ иесі атанды.

Айта кетер жайт, осы велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ екіншісі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны