11.04.2018, 18:47 7552

Алматыда дуатлоннан Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты өтті

Алматыда 2018 жылдыӊ 8 сәуірінде дуатлоннан Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты өтті

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 2018 жылдыӊ 8 сәуірінде дуатлоннан Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан чемпионатында атлеттер (еліміздіӊ 6 өӊірінен келген 140 спортшы) "Дуатлон-спринт" (5 шақырым жүгіріс, 20 шақырым веложарыс, 2.5 шақырым жүгіріс) және "Дуатлон-суперспринт" (2 шақырым жүгіріс, 8 шақырым веложарыс, 1 шақырым жүгіріс) деген екі түр бойынша жарысқа түсті.

Қатысушылар екі үлкен санатқа бөлінді: PRO (жоғары жас санатындағы спортшылар: U15, U17,U19, U23, Elite), сондай-ақ, 18 бен 60 жас аралығындағы әуесқойлар(AGE).

"Бұл чемпионатта жаттықтырушылар үшін жұмыс өте көп. Өйткені үміткерлер құрамаға ұдайы қабылданады. Сол себепті жоғарғы мәртебелі жарыс келешегінен үміт күттірген көптеген жас қатысушыларды жинап алуға мүмкіндік берді", - дейді Алматы триатлон федерациясыныӊ атқарушы директоры Руслан Когай.

Чемпионатта (жас санаты, уақыт) көрсеткіштері бойынша мыналар жеӊімпаз атанды: Асатбек Нарметов (U15) - 00.29.30 (Оӊтүстік Қазақстан облысы); Тимур Баймұрат (U17) - 00.29.05 (Алматы облысы); Владислава Артюшенко (U17) - 00.32.43 (Алматы); Дарын Қонысбаев (U19, U23) - 01.01.56 (Алматы облысы); Анастасия Маврина (U19 U23) - 01.22.18 (Шығыс Қазақстан облысы); Максим Крят (Elite) - 01.01.52 (Астана); Ғазиза Құмақбаева (Elite) - 01.20.38 (Алматы).

Абсолюттік зачет бойынша (AGE санаты) бойынша келесі спортшылар жеӊіске жетті: Никита Федотковских - 01.03.55; Екатерина Шатная - 01.16.22.

Бұл спортшылар медальмен қоса 120 000 теӊге сомасындағы ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Чемпионатты Алматы қаласыныӊ әкімдігі, Алматы триатлон федерациясы, Қазақстанныӊ триатлон федерациясы, "Алматы Марафон", WorldClassAlmaty бірлесе ұйымдастырды.

Duathlon сөзі грек тіліндегі "du" - екі және "athlon" - жарыс, сайыс, күрес сөздерінен туындаған атауы бар, үш кезеӊнен тұратын спорт түрі. Бірінші кезеӊінде - жүгіріс, одан әрі жол үстімен веложарыс және одан әрі қайта жүгіріс сайысы өтеді. Кезеӊдер транзиттік аймақта алмасады, онда әрбір спортшыға киімдері мен дүниелерін сақтауға арналған жеке орын бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны