13.05.2018, 22:52 8797

Алматыда кезекті үшінші велошеру өтті

Бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасыныӊ қолдауымен 2018-ші жылға жоспарланған 21 велошерудіӊ үшіншісі болып саналады. "Спорттық Алматы" бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында үшінші бұқаралық велошеру өтті, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Идеттегідей, қатысушылар мәре басына "Нұрлы Тау" бизнес орталығында жиналды. 9 шақырым қашықтықты құрайтын велошеру Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрыныӊ маӊында аяқталды. Мәреде қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды. Басты сый велоспорт бойынша екі бапкерге бұйырды.

- Біз бұл сайысқа әрдайым қатысамыз, біз үшін бұл жаттығу десек те болады. Осымен екінші рет велосипед жеӊіп алдық. Мен "Apple team" командасыныӊ бапкерімін. Өкінішке орай, спортшыларға велосипед жетіспейді. Сондықтан, шәкірттеріме сыйлаймын. Жаӊбыр болжанса да, қатысушылар саны көп. Бұл керемет жоба. Қала әкімдігі мен спорт басқармасына алғысымыз шексіз, - деді жеӊімпаз Жанна Юсупова.

Бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасыныӊ қолдауымен 2018-ші жылға жоспарланған 21 велошерудіӊ үшіншісі болып саналады. "Спорттық Алматы" бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны