11.08.2018, 08:53 7150

Алматыда мерейтойлық веложарыс өткізіледі

Қазақстанныӊ түрлі қалаларынан (Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Орал, Өскемен және т.б.) қатысушылар, сондай-ақ, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан және Германиядан спортшылар келмек.

Алматы. 10 тамыз. KazakhstanToday - Алматыда мерейтойлық веложарыс өткізіледі, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Ұйымдасьтырушылардыӊ хабарлауынша, келесі жексенбі - 19 тамызда Алматыда "TourofWorldClassAlmaty" ауқымды веложарысы өтпекші. Мәреде Қазақстанныӊ түрлі қалаларынан (Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Орал, Өскемен және т.б.) қатысушылар, сондай-ақ, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан және Германиядан спортшылар келмек.

Тау және күрежол велосипедін мінген спортшылар мен әуесқойлар 14,34 және 57 шақырымдық қашықтықты еӊсеруге тиіс. Мәре басы дәстүрге сәйкес Розыбакие көшесіндегі "MegaAlma-Ata" Сауда лйын-сауық орталығынан басталады. 12 мен 17 жас аралығындағы еӊ жас спортшылар үшін еӊ жақын қашықтық - 14 шақырым қарастырылған. Ал 18 жастан жоғары қатысушылар 34 және 57 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.

Жеӊімпаздар өз жас санаттарында марапатталады, басқа қатысушылар да сый-сыяпатсыз қалмайды, әр қатысушы естелік медаль мен мерекелік торттан дім татады. Биыл бұл веложарысқа 5 жыл толып отыр.

Алдымен 14 шақырымдық қашықтыққа қатысушылар мәреден таӊертеӊгі сағат 8.00 -де шығады. Ал 9.00 және 9.05-те тиісінше 34 және 57 шақырым қашықтықты көздегендер жолға шығады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны