18.09.2018, 00:00 8245

Алматыда мешітке келуші жамағат Қала күнін спортпен атап өтті

Айта кетер жайт, "Асыл мұра" қаладағы мешіттерге келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында әр сенбі және жексенбі сайын қаламыздыӊ футбол алаӊдарында күнтізбеге сәйкес футбол лигасы өтуде.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған "Асыл мұра" бағдарламасы аясында Қала күні мерекесіне орай спорттық шара ұйымдастырылды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетініӊ алаӊында өткен бұл шараға 2000-нан астам мешіт жамағаттары жиналып, өз өнерлерін ортаға салды.

Шараныӊ салтанатты ашылуы жұма намаздан соӊ басталып, Алматы қаласыДін істері жөніндегі басқармасы басшысы Айдар Есенбеков пен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетініӊ проректоры Қайрат Құрманбаевтыӊ құттықтау сөздерімен басталды.

Кез келген мешітке келуші жамағаттар қошқар көтеру, асық ату, арқан тарту, гір көтеру, ләӊгі тебу, бұқа тартыс сынды ойын және спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар балаларға арналған бампербол ойыныӊ ұсынып, мешітке келушілерге мереке арналған апорт алмаларын таратты.

Салтанатты шара барасында Мақсат Базабраев, Талғат Жорабаев, Бейбіт Кушкалиев сынды еліміздіӊ эстрада жұлдыздары өз әндерін шырқап, тәжірибелі акробаттар өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетер жайт, "Асыл мұра" қаладағы мешіттерге келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында әр сенбі және жексенбі сайын қаламыздыӊ футбол алаӊдарында күнтізбеге сәйкес футбол лигасы өтуде. Оған барлық мешітке келуші жамағат қатыса алады. Жарыстын жалпы жүлде қоры 1 млн. теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны