30.06.2018, 13:20 8673

Алматыда өрт сөндіруші - спортшылар турнир өткізуде

Жарысқа қазақстандықтардан басқа Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Түркия және Монғолияныӊ командалары қатысты.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - 27 маусымда Алматы қаласындағы "Динамо" стадионында Спорт федерациясыныӊ 10 жылдығына және Қазақстан Республикасыныӊ өрт сөндіру-құтқару қызметініӊ құрылғанына 60 жыл толуына байланысты, ҚР ІІМ "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардыӊ Спорттық федерациясыныӊ" Кубогы бойынша өтетін Халықаралық турнирдіӊ салтанатты ашылу рәсімі болды.

Жарысқа қазақстандықтардан басқа Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Түркия және Монғолияныӊ командалары қатысты.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Мұрат Дәрібаев ашты. Халықаралық турнирдіӊ ұйымдастырушылары мен қатысушыларына құттықтау жолдап, алдағы жарыс жоғары деӊгейде өтетінін және құтқарушы-спортшылар үшін үлкен мереке болатынын атап өтті.

Өзініӊ құттықтау сөзінде ҚР ІІМ ТЖК бастығыныӊ бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Битаев: Спорттыӊ қолданбалы маӊызы мен мәні бар, себебі, спортта өртте нақты жұмыс істеудіӊ элементтері, әдістері мен дағдылары бар. Сол сияқты, спорттыӊ санаулы секундтарындағы күрес адамдарды құтқару дағдыларын және кәсібилігін шыӊдайды- деді.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардыӊ Халықаралық Спорт федерациясы атқару комитетініӊ директоры Андрей Петрович Калинин жарыс қатысушыларына өзініӊ тілегін білдірді.Қазақстанныӊ өрт сөндіру және құтқару спорты- салыстырмалы түрде әлі жас, оныӊ тарихы 1958 жылдан басталады. Өрт сөндірушініӊ жұмысыныӊ ерекшелігі отқа қарсы нәтижелі күресте күнделікті физикалық қабілеттерін шыӊдап отырулары керек. Қазақстан құтқарушыларыныӊ осы спорт түрі әлемдегі еӊ мықты бес елдіӊ қатарына енгеніндігі қуанышты жағдай. Қатысушылардыӊ көпшілігі жұмыс істеп жүрген құтқарушылар. Спорттыӊ осы түрініӊ шеберлері өртпен күресудіӊ күрделі жағдайында ерлікпен көрінеді және әрдайым жеӊімпаздар болып қала береді.

Жарыстыӊ салтанатты ашылуына Алматы қаласы әкімдігініӊ басшылығы, ҚР ІІМ ТЖК "Өрт сөндірушілер және құтқарушылар" ҚБ, Алматы қаласыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы гарнизоныныӊ өрт сөндіру Қызметі және оӊтүстік астананыӊ тұрғындары мен қонақтары қатысты. Халықаралық турнир "Динамо" Орталық стадионыныӊ Бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов пен Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Ибіл Донбаевтыӊ қолдауларымен ұйымдастырылды.

Ашылу бағдарламасында еӊ қиын сайыс - шабуыл сатысымен оқу мұнарасыныӊ төртінші қабатыныӊ терезесіне көтеру қарастырылған. (Ийелдер үшін - екінші қабаттыӊ терезесі). Жарыстыӊ бірінші күнгі қорытындысы бойынша шабуыл сатысымен көтерілуде Халықаралық турнирдіӊ ерлер арасындағы жеӊімпаздары болып:

Жеке біріншілікте:

1 орын -Прибыш Артем Николаевич (Беларусь Республикасы) - 13,61 секунд нәтижесінде;

2 орын- Буторин Николай (Қазақстан Республикасы)- 13, 62 секунд;

3 орын- Черепко Никита (Беларусь Республикасы) - 14, 19 секунд.

Командалық біріншілікте:

I орын -Беларусь Республикасыныӊ Құрама командасы;

II орын- Қазақстан Республикасыныӊ Құрама командасы;

III орын- Өзбекстан Республикасыныӊ Құрама командасы.

Турнирдіӊ алғашқы күнініӊ қорытындысы бойынша шабуыл сатысына көтерілуден әйелдер арасындағы жарыстын:

Жеке біріншілікте:

I орын -Прищепова Елена (Беларусь Республикасы) - 7,31 секунд нәтижесімен;

II орын- Осипова Виктория (Беларусь Республикасы)- 7,76 секунд нәтижесімен;

III орын- Астафьева Анастасия (Қазақстан Республикасы) - 8, 87 секунд нәтижесімен.

Командалық біріншілікте:

I орын -Беларусь Республикасыныӊ Құрама командасы;

II орын- Қазақстан Республикасыныӊ Құрама командасы;

III орын- Қазақстан Республикасыныӊ Құрама командасы аталды.

Қазақстан командалары арасындағы еӊ мықтылары болып:

Жеке біріншілікте:

I орын -Саликов Марат, Астана қаласы - 14,50 секунд нәтижесімен;

II орын- Абзалов Ералы, Шығыс Қазақстан облысы -14,79 секунд нәтижесімен;

III орын- Қайсарбеков Жасұлан, Астана қаласы -15,08 секунд нәтижесімен.

Командалық біріншілікте:

I орын -Астана қаласыныӊ Құрама командасы;

II орын- Шығыс Қазақстан облысыныӊ Құрама командасы;

III орын- Батыс Қазақтан облысыныӊ Құрама командасы аталды.

Жарыстыӊ алғашқы күнінде Қазақстан Республикасыныӊ құрама командасыныӊ спортшысы Потоцкая Анастасия - шабуыл сатысымен көтерілу кезінде 7,44 секундтық нәтижемен рекорд көрсетті. Естеріӊізге сала кетейік, бұған екі жыл бұрын Қарағанды қаласында өткен турнирде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ спортшысы Колотова Марина 7,48 секундтық көрсеткішпен рекорд иегері атанған болатын.

Алматы қаласыныӊ ТЖД баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны