29.06.2018, 23:41 4523

Алматыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында халықаралық турнир басталды

"Динамо" стадионында ҚР ІІМ ТЖК "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы" Қоғамдық бірлестігі кубогына арналған халықаралық турнирдіӊ бірінші күні өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - "Динамо" стадионында ҚР ІІМ ТЖК "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы" Қоғамдық бірлестігі кубогына арналған халықаралық турнирдіӊ бірінші күні өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл жарыс "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында спорт федерациясыныӊ 10 жылдығы және Қазақстандағы өрттен құтқару спортыныӊ ашылуына 60 жылдығына арналады. Жарыс маусымныӊ 30-ы дейін жалғасып, күнделікті 09:00-дан 18:00-ге дейін өтеді.

Жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, барлығын құттықтау үшін Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Мұрат Дәрібаев, Алматы қаласы денешынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Ибіл Дөӊбаев, халықаралық өрт сөндіру және құтқару спорт федерациясыныӊ орындаушы комитетініӊ директоры Андрей Калинин, ҚР ІІМ ТЖК төрағасыныӊ бірінші орынбасары Сәбит Битаев арнайы келді.

- Бұл спорт өрт сөндіруші мен құтқарушылардын өмірінен алынған. Өрт сөндіру және құтқару спорты - ол горизонталь және вертикаль бойынша жүгіретін жалғыз спорт түрі. Бұл спорта жеӊіл атлетшініӊ жылдамдығы, зілтеміршініӊ күші және гимнасттыӊ ептілік қасиеттері бар, - деді өз сөзінде Андрей Калинин.

Жарыстыӊ салтанатты ашылуы биші, әншілердіӊ өнерлерімен және шоу бағдарламамен жалғасты.

Турнирдіӊ бағадарламасына сатымен көтерілу, 100-метрлік кедергілер алабын өту, өрт сөндіретін эстафета 4х100 метр, әскери өрістету кіреді. Оған тек арнайы шақырту алған Халықаралық өрт сөндіру және құтқару федерациясыныӊ мүшелері, спорттық ұлттық құрамалар қатысуға мүмкіндік алды. Олардыӊ қатарында еліміздіӊ 10 өнірі және Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Оӊтүстік Корея, Түркия, Моӊғолия мемлекеттері бар.

Жарыстыӊ бірінші күнніӊ нәтижесіне келетін болсақ, сатымен көтерілуден диплом, медаль, сыйлықтармен әйелдер арасында Елена Прищепова, Виктория Осипова (екеуіде Беларусь) және қазақстандық Анастасия Астафьева марапатталды.

Ал, ерлерар асында жүлделі орындарға Артем Прибыш (Беларусь), Николай Буторин (Қазақстан), Никита Черепко (Беларусь) ие болды.

- Барлығы да ойдағы дайболды. Жарыс өз жерімізде болған соӊ жауапкершілік үлкен. Тек өзініӊ еӊ жақсы нәтижеӊді көрсету керексіӊ. Меніӊ бүгін жолым болды. Қарсыластарым мықты. Илі біраз жүмыс жасау керек. Алда әлі спорттыӊ басқа түрлерінен жарыстар болады. Тек жақсы нәтиже күтемін, - деп астаналық қолданбалы-өрт сөндіру спортыныӊ күміс жүлдегері Николай Буторин өз ойымен бөлісті.

Айта кету керек, барлық қатысушылар өздерініӊ жеӊіске деген жігерліліктерін танытып, өте керемет өнер көрсетті. Жарыстыӊ басты мақсаты өрт сөндіру спортын жастар арасында дамытып, олардыӊ арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны