16.07.2018, 14:30 7368

Алматыда "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында бірінші түнгі велошеру өтті

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасыныӊ қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ оныншысы болып саналады.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan Today- Еліміздіӊ оӊтүстік астанасында "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Қашықтығы 7,5 шақырымды құраған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Олар "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан бастап ҚР тұӊғыш президенті саябағына дейін жүріп өтті.

Мәреде қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылды. Оныӊ бірін велошабандоз Виталий Герасимовтыӊ ұлы Глеб Герасимов ұтып алды.

"Мен кезінде "Экстрим" клубында өнер көрсеттім. Велоспорттан Спорт шеберлігіне үміткермін. Қазір әуесқоймын. Осы велошеру басталғаннан бері жібермей қатысып келемін. Енді міне өз баламды да осы спортқа бейімдеп жүрмін. Бірінші рет осындай сыйлық ұтып алдық, өте ризамыз. Ұйымдастырушыларға рахмет", - деді Виталий Герасимов.

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасыныӊ қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ оныншысы болып саналады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны