06.08.2018, 16:01 5110

Алматыдағы "Сайран" өзенінде триатлоннан Азия Кубогы басталды

Алғаш рет Алматыдағы "Сайран" өзенінде триатлон бойынша Азияныӊ ашық континентальды Кубогі басталды, мұнда 16 елдіӊ, соныӊ ішінде Австралияныӊ, Бельгияныӊ, Жапонияныӊ, Оӊтүстік Кореяныӊ және басқаларыныӊ 60-тан астам атлеттері медальдар үшін күресетін болады.

Алматы. 6 тамыз. Kazakhstan Today - Алғаш рет Алматыдағы "Сайран" өзенінде триатлон бойынша Азияныӊ ашық континентальды Кубогі басталды, мұнда 16 елдіӊ, соныӊ ішінде Австралияныӊ, Бельгияныӊ, Жапонияныӊ, Оӊтүстік Кореяныӊ және басқаларыныӊ 60-тан астам атлеттері медальдар үшін күресетін болады.

Халықаралық спорт сайысы екі күнге созылады. Бірінші күні жүгіруден, жүзуден, велоспортынан кәсібилер жарысқа түседі, ал екінші күні әр түрлі жастағы тіркелген 150-ден астам әуесқойлар бәсекеге қатысады.

"Біз қазіргі кезде қала тұрғындарыныӊ белсенді және салауатты демалуы - велосипед тебуі, жүгіруі, жаяу жүруі үшін үлкен мүмкіндіктерді жасаудамыз. Қалада 68 километр веложолдар абаттандырылды, таяу жылдары біз оларды 100 километрге дейін жеткіземіз, аулаларда спорт алаӊдарын жасау жалғасуда, жаяу жүргіншіге басымдық беретін көшелер жасалуда. Осыныӊ барлығы қала тұрындары мен қонақтарына жайлы болу үшін атқарылуда. Қазіргі кезде студенттер арасында футзалдан өтетін әлем Чемпионатына дайындалудамыз, халықаралық алқалы сайыс біздіӊ қаламызда тамыз айыныӊ соӊында өтеді, оған әлемніӊ 24 елініӊ спортшылары қатысады", - деп атап өтті өзініӊ құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жарысқа дайындық барысында Сайран өзенініӊ жағалауын абаттандыруға қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілді. "Таза қалада өмір сүр!" акциясы барысында су арналары тазартылды, 6 тоннадан астам қоқыс шығарылды, балалар және спорт алаӊдары салынды, соныӊ ішінде футбол алаӊы мен ұзындығы 5 км болатын жүгіру жолы іске қосылды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Алматыда 250 мыӊнан астам адамды қамтыған 2,5 мыӊнан астам спорттық және денешынықтыру-сауықтыру шаралары өтті, соныӊ ішінде 2,5 мыӊнан астамы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Қалада ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлкен назар аударылады. Қаланыӊ барлық аудандарында қазақ күресі бойынша секциялар ашылған, қазақтыӊ ұлттық "белдесу" күресі қайта жаӊғырды, Алматы ипподромыныӊ жұмысы қолға алынды.

"Спорт меніӊ ауламда" жобасы бойынша спортпен тұрақты айналысатын 18 мыӊға жуық балаларды қамтитын ауладағы спорт алаӊдарыныӊ саны артты. Тұрмысы төмен отбасылардыӊ балаларын спортқа кеӊінен тартатын және жеке спорт ұйымдарын тікелей компенсациялайтын "Батыл бол" жобасы жүзеге асты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны