03.05.2018, 23:12 9687

Алматыныӊ Иуезов ауданында қазақ күресінен тегін үйірме ашылды

Айта кетер жайт, бұл үйірмелердіӊ басты мақсаты осы спорт түрін жастар арасында дамыту болып саналады. Жасы 6-дан асқан кез келген балалар мен жасөспірімдер келіп тегін жаттығуға мүмкіндігі бар. Оларды білікті бапкер Ұлан Айнақұлов жаттықтырады.

Алматы. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда №175-ші гимназия мектебінде қазақ күресінен тегін үйірме ашылды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл зал "Almaty Qazaq Kuresi" спорт клубы мектептерде ашып жатқан залдардыӊ алтыншысы болып табылады. Осындай жаттығу орындары жақында № 174, 176, 198, 128 және 45-ші мектептерінде ашылды.

Залдыӊ ашылу салтанатында "Нұр Отан" партиясыныӊ өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан Қазақ күресі спорты федерациясыныӊ алғашқы президенті Ерғали Мұхиддинов, мектеп директоры Гаухар Манекеева мен спорт клубыныӊ басшысы Шалкар Алдабергенов қатысты.

"Біз осындай үйірме біздіӊ мектебімізде ашылып жатқанына қуаныштымыз. Осындай бастамаларды әрқашанда қолдап жүреміз. Енді біздіӊ оқушылар алға ұмтылып, спортпен айналысады деп сенемін", - деді өз сөзінде Гаухар Манекеева.

Сонымен қатар, өз құттықтау сөзінде Ерғали Мұхиддинов алдағы уақытта Жақсылық Үшкемпіров секілді чемпиондар көп болсын деген тілек білдірді.

Салтанатты шара мен оқушылардыӊ әндері шырқалып болған соӊ, жас палуандар боз кілемде өз өнерлерін ортаға салды. Олар қазақ күресініӊ әдістерін оқушылар мен қонақтарға көрсетті.

Айта кетер жайт, бұл үйірмелердіӊ басты мақсаты осы спорт түрін жастар арасында дамыту болып саналады. Жасы 6-дан асқан кез келген балалар мен жасөспірімдер келіп тегін жаттығуға мүмкіндігі бар. Оларды білікті бапкер Ұлан Айнақұлов жаттықтырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны