12.07.2018, 19:53 5585

Almaty Street Fitness тегін жаттығулары жалғасуда

Айта кетер жайт, бұл Almaty Street Fitness таӊғы жаттығулары "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында әр демалыс сайын өткізіліп тұрады. Оныӊ басты мақсаты қала тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында кезекті Almaty Street Fitness тегін жаттығулары өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Кәсіпқой "Fitness blitz" нұсқаушылары өздерініӊ шеберліктерімен Тұӊғыш Президенті саябағында шілденіӊ 14-і күні таӊертен сағат 08:00-де бөлісетін болады.

Сонымен қатар, дәл осы уақытта М. Горький атындағы орталық демалыс және мәдени саябағында Fitness Empire Gym бапкерлері жаттығу өткізеді.

Бұл шараға кез-келген жастағы қатысушылар қатыса алады.

Айта кетер жайт, бұл Almaty Street Fitness таӊғы жаттығулары "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында әр демалыс сайын өткізіліп тұрады. Оныӊ басты мақсаты қала тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны