20.07.2018, 19:15 6845

Астана қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

Бүгінгі таӊда Жапония, Өзбекстан, Тәжікістан мен Моӊғолия елдерініӊ мықты спортшылары чемпионатқа қатысатындығын растады. Сонымен қатар, Иран, Пәкістан, Үндістан елдері де өз балуандарын дайындауда.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 26 тамыз күні Астана қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді.

Қазақтыӊ ұлттық спорт түрі саналатын қазақ күресіне 10-нан астам мемлекеттен 80-ге жуық балуан қатысады деп күтілуде.

Бүгінгі таӊда Жапония, Өзбекстан, Тәжікістан мен Моӊғолия елдерініӊ мықты спортшылары чемпионатқа қатысатындығын растады. Сонымен қатар, Иран, Пәкістан, Үндістан елдері де өз балуандарын дайындауда.

"халықаралық қазақ күресі федерациясыныӊ негізгі мақсаты спортшылар мен қызығушылардыӊ басын біріктіру, қазақ күресініӊ тек біздіӊ елде ғана емес, шетелдерде де дамуына үлес қосу, үздік спорттық жетістіктерге жетуге ықпал ету болып табылады. Жарты жылдыӊ ішінде біз халықаралық қазақ күресі чемпионатын өткізіп үлгердік. Оған 40 мемлекеттіӊ спортшылары қатысты. Жуырда ғана Грузия елініӊ батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионатын ұйымдастырдық. Оған Еуропаныӊ 24 мемлекетінен келді. Алдағы уақытта, яғни 26 тамыз күні Астана қаласында Азия чемпионаты болады", - деді өз сөзінде Халықаралық қазақ күресі федерациясыныӊ бас хатшы кеӊесшісі Ұлан Рысқұл.

Жарыс 9 салмақтық категориядан және абсолюттік салмақта өтеді.

Жалпы, қазақ күресі ертеден келе жатқан әрі бүгінгі заманауи Қазақстанда одан әрі дамып жатқан спорт түрі болып есептеледі. Қазақ күресініӊ эарыстары той-домалақта да ұйымдастырылады. 2016 жылдан бері ЮНЕСКО оны материалдық емес мәдени мұра қатарына енгізді.

"Халықаралық қазақ күресі федерациясы" ЗТҚ іс-шараныӊ негізгі ұйымдастырушылары болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны