Ертең Алматыда шайбалы хоккейден тарихтаалғаш рет ұйымдастырылып жатқан Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ұйымдастыруымен өтетін сары құрлық додасынаҚазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайқұрамалары қатысады. Чемпионат 6-9 қарашакүндері Halyk Arena мұзсарайында өтеді, деп
хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл турнир құрлықтың алғашқы чемпионаты ретінде еліміз үшін тарихи маңызға ие. Соныменқатар шайбалы хоккейден Қазақстан ерлерқұрамасы алғаш рет Алматыда өнер көрсетпек.
2016 жылы пайдалануға берілген Halyk Arenaкешеніндегі ең кейінгі халықаралық шайбалы хоккей жарысы 2017 жылғы қысқы Универсиада аясында өткен еді. Сол жылы еліміздің студенттерқұрамасы турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Сонымен қатар Алматы 2003 жылы біріншідивизиондағы жастар арасындағы әлемчемпионатының А тобының ойындарынқабылдаған. Шешуші матчта біздің жастарЖапония құрамасына есе жіберген еді.
Айта кетейік, Алматыдағы Азия чемпионаты 2025 жылдың 7-14 ақпан күндері ҚытайдыңХарбин қаласында өтетін Азия ойындарынадайындық жарысы болмақ.
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанерлер құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Джелал-ад-дин Әмірбеков("Магнитка", Магнитогорск), Жәкен Ибрагимов ("Сарыарқа", Қарағанды), Максим Павленко ("Рязань-ВДВ", Рязань).
Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков ("Қазцинк-Торпедо", Өскемен), Дмитрий Бреус ("Торпедо", Нижний Новгород, ҚХЛ), Хақназар Кеңесбай, Кирилл Никитин ("Номад", Астана), Эдуард Михайлов ("Арлан", Көкшетау), Егор Наместников ("Сарыарқа", Қарағанды), Иван Степаненко ("Хумо", Ташкент).
Шабуылшылар: Александр Борисевич, Руслан Демин, Евгений Королинский ("Сарыарқа", Қарағанды), Андрей Буяльский (еркін агент), Владимир Волков, Дмитрий Преснов, Денис Чапоров ("Арлан", Көкшетау), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников ("Хумо", Ташкент), Алексей Зубов, Захар Пархоменко, Ян Тютюньков("Қазцинк-Торпедо", Өскемен), Саян Данияр("Номад", Астана), Евгений Рымарев ("Юнисон-Мәскеу").