23.09.2024, 14:23 41271

Астаналық спортшылар Қытайда өткен турнирде бірнеше медаль жеңіп алды

17-22 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында пара-каратэден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 7 елден келген 30-ға жуық пара спортшы өзара сынға түсті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Дүбірлі додада Астана қаласының төрт спортшысы "Ката" санаты бойынша ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда алтын медальді көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты бойынша өнер көрсеткен Ләззат Жүсіпова алса, екінші алтын жүлдені интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі спортшы Нұржайна Жаннетова иеленді. Тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында бәсекеге түскен Дидар Мұхамеджанов күміс медальді еншіледі. Тағы бір спортшымыз Билялов Рустам (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты) айтулы доданы 5 орынмен аяқтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны