07.10.2024, 12:46 49276

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

ҚР Туризм және спорт министрлігі қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісін жария етті.

Мәнерлеп сырғанау: Елордада өткен мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирінде ерлер арасында отандасымыз Михаил Шайдоров топ жарды. Ал әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина екінші орынға ие болды.

Дзюдо: Тәжікстан астанасы Душанбедегі жастар арасындағы әлем чемпионатында Азат Күмісбай (81 кг) мен Талғат Орынбасар (60 кг) қола жүлдегер атанды.

Құзға өрмелеу: Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов Сеулдегі Әлем кубогінде күміс жүлде жеңіп алды.

Триатлон: Түркістан қаласында ұйымдастырылған триатлоннан Азия кубогінде Қазақстан командасы 7 медаль олжалады.

Таэквондо: Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында мәресіне жеткен таэквондодан әлем чемпионатында қазақстандық үш спортшы 2 күміс, 1 қола медаль еншіледі.

Жеңіл атлетика: Ұлттық құрама өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өткен жартылай марафонның жеңімпазы атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 1 сағат 7 минут 54 секунд.

Кәсіпқой бокс: Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Аустралияда жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны