23.03.2022, 14:59 30661

Қазақстандық ауыр атлет 2016 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды

2021 жылдың қаңтарында халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) спортшыны допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыптады.
НҰР-СҰЛТАН. 23 НАУРЫЗ - Нижат Рахимов 2016 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды.
 
Спорт арбитраж соты (CAS) қазақстандық ауыр атлетті допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетті.
 
CAS мәліметінше, оның 2016 жылдың 15 наурызынан 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін көрсеткен барлық нәтижелері жойылады.
 
2021 жылдың қаңтарында халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) спортшыны допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыптады.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны