02.10.2023, 13:41 44121

Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Қазақстанның қоржынында 36 медаль бар: төрт алтын, жеті күміс және 25 қола
Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ескекшілер Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов Азия ойындары-2022 алтын медалін байдарка мен каноэде есуден жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Екінші орынды Жапония иеленді. Иран үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының активінде қазір төрт алтын бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны