Қазақстандық спортшылар Бейжің Олимпиадасын бастады
Іріктеу сыны 3 ақпанда, ашылу салтанатынан бұрын басталады.
Могулшылар тауда орналасқан Чжанцзякоу қалашағында орналасқан әрі сол жерде жаттығу жасайды. Бұл олимпиадалық картадағы ең қашық кластер болып саналады.
Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд қорғайды.
Бүгін команда дайындықты бастады. Мұнда күн салқын, қалың қар жауып тұр, жел де бар. Бүгін бірінші жаттығуды өткіздік. Олар енді ғана бой үйретіп жатыр. Сондықтан, біз бүгін жарыс жолын сынап көрді десек, артық емес. Жарыс жолы өте қиын. Видеоны қайта қарап, сараптайтын боламыз. Содан соң әрбір спортшы өзі түсетін жолақты таңдайды", - деді фристайл-могулдан Қазақстан командасының бас бапкері Елена Круглыхина.
Сондай-ақ, бас бапкер спортшылардың олимпиадалық ауылға толық жайғасқанын атап өтті.
Чжанцзякоу кластерінде фристайл, шаңғымен тұғырдан секіру, биатлон, шаңғы, шаңғы қоссайысынан командалар орналасқан.
Қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 ақпанда Бейжің ұлттық стадионында өтеді. 4-5 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжіңге XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін жұмыс сапарымен барады.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар XXIV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көре алады. Біздің команда бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16.00-де бастайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.