22.01.2024, 21:41 40921

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Аустралия чемпионатын сәтті бастады

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Аустралия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚР ҚТФ баспасөз қызметінен.

Қазақстандықтар Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Омарханов оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымға шықты.

Олар бастапқы кездесуінде испаниялық Изан Валентине - нидерландылық Тейс Богардты қапы қалдырды - 6:3, 7:5.

Омарханов пен Ким бір-бірін жақсы біледі. Қос теннисші жекелей сында үшінші айналымда өзара кездеседі. Осыған дейін екеуі бір рет шеберлік байқасып, онда Әмір жеңген еді.

Асылжан Арыстанбекова белоруссиялық Юлия Перепихинамен бірге аустралиялықтар Рени Алэйм - Алана Сибасичті 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны