03.10.2023, 12:02 48931

Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынындп 4 алтын, 9 күміс және 29 қола медаль бар

Бүгін Қазақстан құрамасы Азия ойындарында күміс жүлде ұтыпалды
Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынындп 4 алтын, 9 күміс және 29 қола медаль бар
Сурет: olympic.kz
 Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс және 29 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.

Бүгін Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

М.Торлопова мен У.Киселева 200 метр қашықтықта каноэдан жұптасып өнер көрсетуде тек қытайлықтарды ғана алға жіберді. Қазақстанның мәреге жету уақыты 46.627 құрады.

Өзбекстандық дуэт қола жүлдені иеленген.

Осылайша, бүгін қазақстандық ескекшілер Азиадада қос күміс, бір қола жүлдеге ие болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны