07.10.2024, 22:18 6706
Елордада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты басталды
Достарға айту
Елордада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында елімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан үстел теннисінен XXVII Азия чемпионатының жалауы желбіреді. Чемпионатқа Азия құрлығының 26 елінен келген 210 спортшы қатысып жатыр.
Сары құрлық додасының ашылу салтанатына Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысып, байрақты бәсекеде өнер көрсететін спортшыларға сәттілік тіледі.
Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионатының басталуымен барша спорт сүйер қауымды құттықтаймын! Қазіргі таңда елімізде үстел теннисіне ерекше көңіл бөлініп, бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді. Кейінгі бірнеше жылда жерлестеріміз халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Олардың қатарында үш Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған Кирилл Герасименко, әлем біріншілігінің жеңімпазы Алан Құрманғалиев және басқа да спортшыларымыз бар. Бұл чемпионат - біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл Азия үшін маңызды оқиға. Бүгін біз әлемнің ең мықты ойыншыларын қарсы алып, құрлықтағы үстел теннисі әлеуетін танытуға дайынбыз!" - деді Серік Жарасбаев.
Елордадағы біріншілікте әлемнің үздік ойыншылары, соның ішінде Олимпиада чемпионы Ван Чуцинь (Қытай), күміс жүлдегерлер Мива Харимото мен Миу Хирано (Жапония), сондай-ақ Олимпиаданың алтын жүлдегері Сунь Инша (Қытай) бақ сынайды.
Бұл сында ел намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпия ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы Анастасия Лаврова, миксте жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, сондай-ақ халықаралық турнирлердің жүлдегері Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева қорғайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.10.2024, 16:57 1621
Астанада Ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді
Достарға айту
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен Республика күні мен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойына орай Ұлттық ат спорты түрлерінен фестивалі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Фестиваль аясында бәйге мен көкпардан жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстар 11-12 қазан күндері Астана маңындағы "Қазанат" атшабарында өтеді. Бәйге сайысы 12 қазан күні сағат 11:00-де басталады. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры - 20 млн теңге.
Сондай-ақ, фестиваль аясында Көкпардан Солтүстік аймақтың тума шабандоздарына арналған турнир өтеді. Іріктеу ойындары 11 қазан күні 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Финалдық ойындар 12 қазан күні 09:00-де басталады.
Ойындардың жалпы жүлде қоры - 12 млн теңге. Сайыс аяқталғаннан кейін көрермендердің арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кіру тегін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.10.2024, 12:46 7791
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Достарға айту
ҚР Туризм және спорт министрлігі қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісін жария етті.
Мәнерлеп сырғанау: Елордада өткен мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирінде ерлер арасында отандасымыз Михаил Шайдоров топ жарды. Ал әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина екінші орынға ие болды.
Дзюдо: Тәжікстан астанасы Душанбедегі жастар арасындағы әлем чемпионатында Азат Күмісбай (81 кг) мен Талғат Орынбасар (60 кг) қола жүлдегер атанды.
Құзға өрмелеу: Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов Сеулдегі Әлем кубогінде күміс жүлде жеңіп алды.
Триатлон: Түркістан қаласында ұйымдастырылған триатлоннан Азия кубогінде Қазақстан командасы 7 медаль олжалады.
Таэквондо: Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында мәресіне жеткен таэквондодан әлем чемпионатында қазақстандық үш спортшы 2 күміс, 1 қола медаль еншіледі.
Жеңіл атлетика: Ұлттық құрама өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өткен жартылай марафонның жеңімпазы атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 1 сағат 7 минут 54 секунд.
Кәсіпқой бокс: Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Аустралияда жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.10.2024, 18:06 12651
Астанада Denis Ten memorial challenge Series турнирі басталды
Достарға айту
Бүгін Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанаудан V мемориалдық турнир басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнир Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) Challenge санатына кіреді. Бұл биыл 25 елден 115 үздік спортшы ISU рейтингінде ұпайлар үшін күресіп, жеке конькимен сырғанау (ерлер, әйелдер) және мұз би жарыстарына қатысатынын білдіреді.
Жарыс бағдарламасы:
4 қазан
11:00-14:00 - мұзда билеу, би ритмі
14:15-16:30 - ұлдар (қыздар) үшін еркін бағдарлама
16:45-20:00 - әйелдерге арналған тегін бағдарлама
20:15-20:45 - жеңімпаздарды, жүлдегерлерді марапаттау
5 қазан
9:30-10: 45 - ұлдарға арналған еркін бағдарлама
11:00-13:10 - ерлерге арналған еркін бағдарлама
13:25-17:15 - мұзда билеу, тегін бағдарлама
17:25-17:45 - жеңімпаздарды, жүлдегерлерді марапаттау
19:30 - демонстрациялық қойылымдар
6 қазан - спортшылардың оралған күні
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы турнирге 24 елден 80 спортшы қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.10.2024, 18:02 17621
Бүгін Қызылордада жаңа үстел теннисі орталығы салтанатты түрде ашылды
Достарға айту
Бүгін Қызылордада жаңа үстел теннисі орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" Қорының баспасөз қызметінен.
Жобаны "Самұрық-Қазына" Қоры қаржыландырды.
Аумағы 3 652 шаршы метр жаңа екі қабатты орталықта үстел теннисіне арналған 16 корт бар және күніне 150 адамды қабылдай алады.
Бұл нысан өңірде бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді. Қор жалпы Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 10 көпфункционалды спорт кешенін ашты. Аталған жобаға 900 миллион теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 900 орындық жаңа Жайлы мектеп пен Студенттер сарайының да тұсаукесері өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2024, 18:10 21351
Бүкіләлемдік туризм күні аясында сала қызметкерлері марапатталды
Достарға айту
Ербол Мырзабосынов Бүкіләлемдік туризм күні аясында сала қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Бурабайда өтіп жатқан "Қазақстан саяхат форумына" қатысып, қазақстандықтарды Бүкіләлемдік туризм күнімен құттықтады. Іс-шара аясында министр еліміздің туризм саласын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан мамандарды "Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін" және "Туризм саласының үздігі" төсбелгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.
Іс-шараның ресми бөлігінде Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, Қазақстан биыл туризм саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
Туризм индустриясы еліміздің экономикалық өсімінің маңызды драйверіне айналып келеді. Осы жылдың маусым айында Мемлекет басшысы туризм мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Аталған жиында туристік орындарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жолаушылар вагондарының паркін жаңарту, әуе бағыттарын ұлғайту және жаңа туристік нысандарды құру сияқты саланы дамытуға қатысты нақты тапсырмалар айтылды. Биыл біз туризм саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 350 мыңға өсіп, 3,4 млн адамды құрады. Шетелдік туристер саны 50 мыңға артып, 566 мың адамға жетті", - деді Туризм және спорт министрі.
Сондай-ақ ведомство басшысы Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық аренада табысты насихатталып келе жатқанын жеткізді.
Мәселен, Conde Nast Traveller сияқты беделді басылымдардың мәліметі бойынша, Қазақстан әлемдік туристік бағыттар бойынша алдыңғы қатарға қосылды.
Биыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Қытайдың ірі қалаларын қамтитын 20-дан астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Еліміздің туристік имиджін нығайтудағы маңызды оқиғаға айналған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ерекше атап өткен жөн. Этноауылға 250 мыңнан астам адам келіп, іс-шараларға қатысты.
Жалпы, елде туристік белсенділіктің айтарлықтай артқаны байқалып отыр. Бұған Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхаттар мен туризмді дамыту индексі бойынша жаңартылған рейтингте 52-орынға шығуы дәлел.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.09.2024, 14:23 24026
Астаналық спортшылар Қытайда өткен турнирде бірнеше медаль жеңіп алды
Достарға айту
17-22 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында пара-каратэден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 7 елден келген 30-ға жуық пара спортшы өзара сынға түсті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Дүбірлі додада Астана қаласының төрт спортшысы "Ката" санаты бойынша ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда алтын медальді көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты бойынша өнер көрсеткен Ләззат Жүсіпова алса, екінші алтын жүлдені интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі спортшы Нұржайна Жаннетова иеленді. Тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында бәсекеге түскен Дидар Мұхамеджанов күміс медальді еншіледі. Тағы бір спортшымыз Билялов Рустам (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты) айтулы доданы 5 орынмен аяқтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 12:31 28711
Астанада теннистен ел чемпионаты өтіп жатыр
Достарға айту
Теннистен "Дәулет" спорт кешенінде дәстүрлі ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Біріншілік 23 қыркүйекке дейін өтеді. 1 аптаға жалғасатын бәсекеде ерлер арасында 68 қатысушы тіркелсе, әйелдерде 41 спортшы бас жүлдені сарапқа салады. Жалпы турнирге еліміздің 13 өңірінен теннисшілер бас қосты.
Теннис еліміздің барлық өңірінде дамып келеді деп айтуға болады. Жазғы мен қысқы біріншілік 2 жылда бір рет ұйымдастырылады. Жазғы чемпионаттың қыркүйекте өткізіліп жатқандығының бір себебі - жарыс күнтізбелеріне сәйкес, осы уақыт қолайлы деп санадық. Кейінгі жылдары чемпионат Астана қаласында тұрақты өтуде. Өйткені алаңдар көп және ыңғайлы. Жалпы, Алматы, Астана, Шымкент қалалары ірі жарыстарды қабылдай алады. Алдағы аптада Алматыда халықаралық ATP 250 турнирі жоспарлағандықтан, "Дәулет" спорт кешені жазғы чемпионатқа қолайлы болды.
Жалпы 1 жылдың ішінде барлық жасты қосқанда 140-тан астам турнир өтеді. Қазіргі сәтте көптеген қалаларда да корттар салынып, жыл сайын чемпионатқа жаңа қалалардан келуде. Мысалы, Ақтау, Атырау, Қарағанды т.б. қалаларда корттар салынып, жергілікті спортшылар дайындалуға мүмкіндік алады", - деді жарыстың бас төрешісі Әмір Жақыпов.
Жазғы чемпионатта ұлттық құраманың мүшелері Григорий Ломакин, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева, Аружан Сағындықова қатысып, доданың басты фавориттері саналады.
Жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрап, жеке сайыста чемпион атанған теннисші 500 мың теңгеге иелік етсе, жұптық сындағы жеңімпаз 300 мың теңге сыйақы алады.
Айта кетейік, ел чемпионатының марапаттау рәсімі 22 қыркүйек күніне жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.09.2024, 14:44 30251
Бектенов Президент атынан Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті
Достарға айту
Үкімет үйі ғимаратында XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті. Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет басшысы спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтады. Биыл Қазақстанның Паралимпиада құрамасы тоғыз медаль жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты, атап айтқанда, 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль алды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, паралимпиада спортшыларының жеңістері - қашанда мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне сенімнің үлгісі. Ойындар қарсаңындағы кездесуімізден кейін бүкіл ел байрақты бәсекеде көрсеткен әрбір ойындарыңызды тамашалады, сіздердің жетістіктеріңіз біз үшін ерекше мақтаныш болды. Жыл өткен сайын ерекше жандардың спортқа қатысуы артып келе жатқаны бізді қуантады. Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар 56 мыңнан астам қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Сіздердің әрқайсыларыңыздың көрсеткен үлгілеріңіз көптеген адамды біздің паралимпиадашылар қатарына қосылуға ынталы ететініне сенімдімін. Үкімет спортшыларға қолайлы жағдай жасап, қолдау көрсету жұмыстарын күшейтуде", - деп атап өтті Премьер-Министр. Спортшыларды Паралимпиадаға дайындауда маңызды рөл атқарған жаттықтырушылар мен тәлімгерлерге ерекше алғыс сөздер айтылды.
Өз кезегінде паралимпиада спортшылары жарыс кезінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан халқына алғыстарын білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.10.2024, 11:09Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды 09.10.2024, 12:42 16406Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды09.10.2024, 17:02 11396Алматы музейлері Еуропа елдерін бағындыруда09.10.2024, 17:27 11146Қазақстан Президенті мен Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысы бірлескен көпжақты жобаларды іске асыруды талқылады09.10.2024, 12:36 5496ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды
04.10.2024, 16:46 87221Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады04.10.2024, 18:09 87121Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты04.10.2024, 13:26 87116Астана қаласында волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті03.10.2024, 14:20 86426Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады03.10.2024, 17:19 85606Тоқаев Германия Президентін бірлік күнімен құттықтады
26.09.2024, 18:14 100201Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 95731«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 94396Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 90026Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді04.10.2024, 16:46 87221Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады