11.06.2018, 14:48 6980

Футболдан Илем чемпионатында қазақстандық туристер бәрінен бұрын неден қорқады?

14 маусымда футболдан Илем чемпионаты басталады. Ресейдіӊ Комбайланыс министрлігініӊ мәліметтері бойынша үздік құрамалардыӊ жарысына 4300 астам қазақстандықтар барады.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - 14 маусымда футболдан Илем чемпионаты басталады. Ресейдіӊ Комбайланыс министрлігініӊ мәліметтері бойынша үздік құрамалардыӊ жарысына 4300 астам қазақстандықтар барады. "НОМАД Иншуранс" сақтандыру компаниясыныӊ мамандары сауалнама жүргізіп, Илем чемпионатында қазақстандық туристердіӊ бәрінен де неден қорқатындарын білді.

Бәрінен бұрын қазақстандық туристер сапар кезінде ауырып қалудан қорқады(65%).Футболдан Илем чемпионаты бір айға созылады, сол себепті қазақстандықтардыӊ көпшілігі осы уақытқа демалыс алады. Ұшу, тұру және билет бағаларын ескере отырып, әлбетте қорқыныш болады. Мысалы, қазақстандықтар үшін жарыстарға топпен алатын еӊ арзан билет 70$ бастап 135$ дейін түседі. Жартылай финалға билеттердіӊ құны 85$ бастап 160$ дейін болады, ал финалға - одан да қымбат: 115$ бастап 245$ дейін.

57% қазақстандық туристер қол жүгінсіз қалудан қорқады. Қол жүктерін авиакомпаниялар емес, әуежайлар жоғалтатындығын атап өткен жөн, ал жолаушылар алдындағы жауапкершілікті тасымалдаушылар көтереді. Статистика бойынша, дүние жүзі бойынша әуежайлар сағат сайын 3000 бірлік қол жүгін жоғалтады. Көпшілік бөлігі (61%) - түйіспе рейстердіӊ жолаушыларыныӊ қол жүктері. Ережеге сай, жоғалған чемодандардыӊ көпшілігі бір апта ішінде табылады және тек 3% қол жүгі мүлде жоғалып кетеді.

Сауалнама жүргізілгендердіӊ арасында 48%-ы үйлерінде маӊызды заттарын ұмыт қалдырудан қорқады.Психологтардыӊ айтуы бойынша, бұл қорқыныш адамдардыӊ демалысқа кеткен кезде үйлерінде өздерініӊ үйреншікті өмірлерін және күнделікті өмір қалыптарын қалдыратындығымен байланысты. Міне осы үрей сезімін тудырады, осыныӊ салдарынан саяхатшылардыӊ көпшілігі демалыс кезінде өздерініӊ проблемалары меншаруаларына алаӊдайды.

Бір қызығы, сауалнама жүргізілгендердіӊ 47%-ы саяхат кезінде ғаламторсыз қалудан қорқады.Бұл адамдардыӊ әлеуметтік желілерге тәуелді болуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл құбылысты алғаш рет 1995 жылы зерттей бастаған. Сол кездері американдық психиатр Айвен Кеннет Голдберг ғаламтор толығымен шынайы өмірін кейін ығыстыратын адамныӊ мінез-құлқына сипаттама берген. Алайда, бұл сауалнама жүргізілгендердіӊ осы типтегі адамдарға жататындықтарын білдірмейді. Өйткені, бүгінгі таӊда ғаламтор - біздіӊ өміріміздіӊ маӊызды бөлігіне айналып отыр, одан бас тарту - нағыз сынақ.

35% сауалнама жүргізілгендер ұшудан қорқады. Жалпы аэрофобия кеӊінен таралған құбылыс. Зерттеулердіӊ деректері бойынша Жер шарыныӊ тұрғындарыныӊ шамамен 30% ұшудан қорқады. Алайда ұшу алдындағы қорқыныш пен аэрофобияныӊ арасындағы айырмашылықты білген жөн. Біріншісі, психологтардыӊ айтуы бойынша - адамды қауіп-қатерден сақтандыратын жаратылыстық қорғаныс механизмі. Себебі ұшақпен ұшу - адамныӊ жаратылыс күйі емес, ал қорқыныш - қалыпты құбылыс. Ал аэрофобияға келсек, мұнда бәрі басқаша - бұл, тіптен авиаапатына ұшыраудыӊ жоғары емес тәуекеліне қарамастан, жиі иррационалды қорқыныш. Аэрофобиядан зардап шегетін сауалнама жүргізілгендердіӊ 60%- әйелдер.

27% қазақстандық туристер Илем чемпионатындағы жаппай тәртіпсіздіктерден қорқады. Тарихта футбол жарыстарыныӊ жаппай төбелестер мен тәртіпсіздіктерге ұласқанына мысалдар көп. Ресейге дүние жүзінен еӊ "қызу қанды" футболдыӊ әсіре жанкүйерлері - ағылшын, хорват, серб және поляк жанкүйерлерініӊ келетінін ескеретыін болсақ, әлбетте қорқыныштыӊ болары хақ. Айта кететін тағы да бір жайт, "турнирдіӊ қожайындары", Ресей құрамасыныӊ жанкүйерлері де өздерініӊ елдерініӊ абырайын тек футбол алаӊында ғана емес, одан тысқары да қорғауға дайын екендіктерін талай көрсеткен.

13% сауалнама жүргізілгендер бәрінен бұрын лаӊкестік әрекеттерден қорқатындарын мәлімдеген. Өкінішке орай, қазіргі кездегі әлемдегі болмыс осындай. Илем чемпионатындағы күшейтілген қауіпсіздік шаралары мен тексерулерге қарамастан, лаӊкестік әрекеттердіӊ болуы ықтимал. "Тәуекел әрдайым болады. Қазіргі заманғы әлемніӊ болмысы осындай. Біз оны толығымен алып тастай алмаймыз, алайда біз өзімізді қауіп-қатерден сақтай аламыз! Міне осы үшін де ТМС туристік сақтандыру және жазатайым жағдайлардан сақтандыру бар. Сонымен қатар, өз саяхатыӊды қалай барынша қауіпсіз жасауға болатындығы туралы көптеген кеӊестер де бар. - Осылай "НОМАД Иншуранс" сақтандыру компаниясыныӊ басқарма төрағасы Иманжанов Дәурен Қасымханұлы түсіндіріп өтті. - Бірінші кезекте, сапарға алдын ала дайындалу қажет: балық қажетті заттарды жинау, бару жері туралы білу, құжаттар мен ақшаны өзіӊмен бірге алып жүру (бірақ барлық соманы емес). Сондай-ақ жеке басыӊныӊ қауіпсіздігініӊ қарапайым ережелері туралы да әрдайым есте сақтау қажет".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны